+7 (7182) 65-01-29

2026 жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ағартушысы, педагог және жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуы атап өтіледі. Осы мерейтой аясында кітапханамызда Брайль қарпімен және аудиоформатта жарық көрген «Кел, балалар, оқылық!» әңгімелер жинағының тұсаукесері өтті.

Тағылымды шараға кітапхана оқырмандары мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында қатысушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, ұлы ұстаздың өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, қаламгердің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінің аудиожазбасы тыңдалды.

Кітаптың Брайль қарпімен және аудиоформатта жарық көруі – көзі көрмейтін және нашар көретін жандардың да әдеби мұрамен еркін танысуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Кездесу барысында Ыбырай шығармаларының тәрбиелік мәні, білім мен еңбекке үндейтін идеялары кеңінен насихатталды.

Ұлт ұстазының мол мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әрбір жас оқырманның жүрегіне жол таба берсін!

Онлайн кім

Қазір 73 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр