+7 (7182) 65-01-29

13 қараша, Ұлттық валюта күні қарсаңында кітапханашылар «Альрами» клуб үйінің қатысушыларына арнап, қазақстандық жаңа «Сақ стилі» банкноттар сериясына арналған шығармашылық шеберлік сағатын өткізді.

Қатысушылар жаңа банкноттардың безендірілу ерекшеліктерімен танысып, еліміздің тарихи мұрасы, ұлттық ою-өрнектері мен рәміздерінің көрініс табуына назар аударды. Банкноттардағы көркемдік элементтер шығармашылық идеяларға шабыт берді.

Ұлттық нақыштардан шабыт алған қатысушылар өз қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып, қолдарымен ерекше туындылар жасады.

Шығармашылық арқылы ұлттық валютамен танысу қатысушыларға Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына жақындай түсуге мүмкіндік берді.