+7 (7182) 65-01-29

17 қараша күні «Оқитын ұлт»жобасы аясында Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінің 7 «А» сынып оқушыларымен америкалық жазушы Стивен Р. Ковидің «Жетістікке жетелейтін жеті қағида» кітабы бойынша әдеби сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өзін-өзі дамытуға, мақсат қоя білуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар кітаптың негізгі идеяларымен танысып, жетістікке жетудің жеті дағдысы туралы ой бөлісті. Мақсат қою, уақытты тиімді пайдалану, өзіне сену және табандылық таныту тақырыптарында пікір алмасты.

Ең басты ой: жетістікке жету – күнделікті еңбектен, дұрыс таңдаудан және үздіксіз ізденістен басталады.