+7 (7182) 34-89-93

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне зор үлесін қосқан жазушы, Ұлы отан соғысының қатысушысы Камен Оразалиннің 100-жылдығына арналған «Ғасырдан озған жылдар» тарихи жазбасы 24 маусым күні облыстық арнайы кітапхананың әлеуметтік желісіндегі парақшасында орналастырды. Тарихи жазба барысында К.Оразалиннің туған өлкесі, атқарған қызметі мен жасаған еңбектері жайлы баяндалды. «Жексен» (1950),«Ақжазық (1959),«Көктем салқыны» (1961) повестер мен романдардың авторы.

Подробнее...  

21 маусым-Әкелер күні. Әкем-бұл нағыз тірек, еліктеуге үлгі, өсуге ынталандыру. 19 маусым күні облыстық арнайы кітапхананың әлеуметтік желідегі парақшаларында оқырмандарымызға Әкелер күніне орай «Ұлы әкелервиртуалды бейне-көрме ұсынылды » (жетістікке жеткен атақты әкелер туралы). Танымал көп балалы әкелермен таныс болайық. Сонымен, біздің тізімзге кірген қазақстандық танымал әншілері Ерлан Көкеев, Қайрат Нұртас, саясаттанушы Ерлан Карин, шетелдік актерлері Жан Рено, Чарли Чаплин, Иван Охлобыстин.

Подробнее...  

19 маусым күні әлеуметтік желілерде оқырмандарымызға облыстық арнайы кітапханамыздың 50 жылдығына арналған «Bibliofresh» - апта жаңалықтарын ұсындық.

«Сарыарқа самалы» газетінде А.Қожаханованың «Зағиптар кітапханасына–50 жыл» және біздің оқырманымыз Балкен Ибраеваның «Кітапхана – екінші үйіміз» атты мақалалары жарыққа шықты. Ресейлік «Библиотека» журналында Л.Қуантаеваның «Увидеть, услышать великую степь» мақаласы жарияланды.

Подробнее...  

18 маусым күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы әлеуметтік желілерінде Әкелер күніне орай, "Ер тәрбиесі дегеніміз не?" атты онлайн-ақпаратты жариялады.

Онлайн-ақпаратта әкелік тәрбиесінің ерекшелігі, тәрбиелеу үрдісіндегі ер адамның рөлі және баланың болашағына деген ықпалы жайлы баяндалды.

Подробнее...  

18 маусым күні Облыстық арнайы кітапханасы  Instagram, Facebook, Youtube әлуметтік желілеріндегі парақшасында «Балалық шақтың Балдырғаны» танымдық сағатын ұсынады. Бүгінгі айдарымыз Халқымыздың аса көрнекті ақын-жазушыларымызға арналды. Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев, Оразақын Асқар және Сейіл Боранбайұлы және де шығармашылық қоржынынан «Кәмпит», «Дұрыс па, бұрыс па?», «Жақсы көйлек», «Жаз»,«Қыз жібек», «Шұғынық», «Көкше мұз», «Шырпы» өлеңдері ұсынылды. Әр бейсенбі сайын бізбен бірге «Балдырған» журналын тамашалауға шақырамыз!

«Ақ желкен» журналына   биыл 95 жыл. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.

Журнал алғаш рет 1926 жылы «Лениншіл жас» газетінің беттерінде «Пионер» деген атпен жарық көрді. Журналдың тұңғыш редакторы Ерғали Алдоңғаров. Содан кейін журналды Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырысов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижанов, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды. «Ақ желкен» журналының қазіргі бас редакторы – Балжан Мұратқызы.

Подробнее...  

17 маусымда Облыстық арнайы кітапхананың "фейсбук", "инстаграм", "ВКонтакте" әлеуметтік желілерді пайдаланушыларына Павлодар қаласының жазушысы, политикалық тұлғасы Ю.Мостовойдың 75-жылдығына орай "Пристань сердца" поэзиялық көңіл-күй сағаты өткізілді.

Подробнее...  

11 ші маусымда Облыстық аранайы кітапхананың Instagram, Facebook, Youtube әлуметтік желідегі парақшасында бүгін бірінші рет «Балалық шақтың Балдырғаны» танымдық онлайн сағаты жарияланды. Бұл танымдық сағаттың айдарын айтар болсақ «Өмірдерек», «Ол кім? Бұл не?», «Жұмбақ шешу», «Өтірік өлең», «Қазақтың әдет-ғұрпы», «Әліппедегі әріптер», «Жаңылтпаштар» және т.б. қызықты ақпараттарды тамашалай аласыздар. Жазғы уақытта, 11 маусым 31 тамыз аралығында әр бейсенбі күндері осы ақпаратты балаларға арнаймыз.

 

Онлайн кім

Қазір 150 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр