- Подробности
- Автор: Администрация
«Отбасы күні» мерекесі қарсаңында облыстық арнайы кітапханада «Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында дауыстап оқулары ұйымдастырылды. Арнайы кітапхана оқырмандары Адамжанова Гүлнар, Айари (қызы), Булумбаева Зайра дауыстап оқуына қатысты. Таныса отыра, қонақтарымыз өз отбасында қандай дәстүрлер мен салт -жоралар насихатталатынын айтты. Сөз бастағанкөз мүгедегі белсенді оқырман Гүлнар А, қызы Айари оған үйдің шаруасына толықтай көмектесетінін, қызының кез келген көмегі оның үшін өте маңызды екенін айта кетті. Гүлнар А. қызын ауруына қарамастан «Тоғыз құмалақ» үйірмесіне апарады. Яғни, бала кезінен ұлттық ойындарға деген сүйіспеншілікті оятады.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханада №24 ЖОББ мектептің 2 «А» сынып оқушыларына арналған «Пайдалы, қызықты кітаптар!» тақырыбында қызықты және иллюстрациялық жаңа кітаптарға шолу жасалып келесі кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды: «Ғылым, энциклопедия», «Биология, энциклопедия», «Ғалам, энциклопедия», «Менің алғашқы энциклопедия», «Қазақ тілі.100 жұмбақ», «Негеш», «Балдырған» журналы.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 25 тамызында «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» ZOOM платформасында "Современная библиотека - ресурсная составляющая безбарьерного мира" халықаралық семинарына қатысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Жақсылық жасауға асығайық!
Жаңа оқу жылы қарсаңында Павлодар облыстық арнайы кітапханасы Қазақстан халық партиясымен (ҚХП) бірлесіп, жыл сайын өздерінің жас оқырмандары үшін «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізді.
- Подробности
- Автор: Администрация
«Сарыарқа самалы» газетінде біздің кітапхана туралы 2 мақала шықты.
Зейнеткер және кітапхана оқырманы Еркін Ғабдунарсырұлы жазған «Кітапхана – жан азығы» мақаласында арнайы кітапхананың жетістіктері және жобалалары туралы айтылды. Осы жылы арнайы кітапхананың ең маңызды жетістігі «Рухани қазына-2021» Республикалық фестивалінде арнайы кітапхана ұжымы «Ең үздік көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» номинациясы бойынша женімпаз атанды.
- Подробности
- Автор: Администрация
6 жастан 8 жасқа дейінгі №26 орта мектеп жанындағы мектеп лагерінің оқушылары арнайы кітапханаға экскурсияға келді.
Біз оларды барлық тифложарақтарымен таныстырдық, коворкинг кеңістігін көрсеттік, соқырлар дойбы мен шахматты қалай ойнайтынын айтып бердік. Оларға тифлокабинетте өте қызықты болды: арнайы кітаптарды, тифлопринтерді, тифлокомпьютерді, арнайы грифель-қаламсапты, алфавит-колодканы қолымен ұстап көрді.
- Подробности
- Автор: Администрация
25 маусымда «Еrtis» ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының 6-шы бағдарламасы шықты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ақпарат Басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде және Павлодар облысының қоғамдық дамуы аясында өткен «Рухани жаңғыру. Ертіс өңірінің қазынасы» облыстық сайыстың қорытындысы анықталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 42 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








