+7 (7182) 34-89-93

"Масленица" барлық мерекелердің  ішіндегі ең думанды  да қызықты  мерекелердің  бірі, сондықтан кәрі-жас демей, алыстағы ауылдарда да, үлкен қалаларда да ойын-сауық,  ән-күй мол болып, қыстың қалған  қарына  мәз-мәйрам болғандар  биік таулардан, төбелерден сырғанаған екен. Осы дәстүрді сақтай отыра арнайы кітапхана 26 ақпан күні Масленицаның «В разгуляй – не скучай!» халықтық мерекесін кеңінен атап өтті.

Подробнее...  

19 ақпан күні Облыстық арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен №5-ші жалпы білім беру мектебіндегі интернационалдық жауынгерлер мұражайында Ауған соғысы ардагерлері, көз мүгедектері А.Бердиев, К.Амировтың қатысуымен «Жалынды жол» атты кездесу кеші өтті.

Подробнее...  

Өз-өзіммен өртеніп барамын жанып,

Жүректен жас ағады тарамдалып.

Менде жоқ қой бұл күнде, тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараңқалып.

Подробнее...  

Бүгінгі таңда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы жер-жерлерде ел болып аталып өткізіліп отыр, біздің де кітапхана мерейтойды өткізуде ат салысуда. «Ұлы тұлға, өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби сағаты ретінде өткізіп, текеметпен көркемделген кітапхана төріндегі кітап көрмесін ұсынуда. Айтулы іс-шараға кітапханамыздың өнер сүйер қауымы, оқырмандары мен №25 мектеп оқушылары қатысып отыр. Сондай-ақ, Абай атамызды насихаттаушы, Абайтанушы Әсенов Даниал да келді.

Подробнее...  

Кітапханада Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне арналған ақпарат сағаты өтті.

Іс-шара қатысушылары - 25 мектеп оқушылары.

Көшбасшылық жолындағы ерекше жетістіктер, елбасының өмірбаянынан қызықты фактілер, еңбек қызметінің сипаттамалары қарастырылды.

Тыңдаушылар назарына Нұрсұлтан Әбішұлы жайында түсірілген ақпараттық бейнебаян ұсынылды.

Подробнее...  

22-ші қаңтар күні Облыстық арнайы кітапханада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80-жылдығына орай, «Тәуелсіз Қазақстан: қазіргі заман тарихы мен сабағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалауға Павлодар қаласының №25-ші жалпы білім беру мектеп оқушылары қатысты. Тұңғыш президенттің өмірінен және еңбек жолындағы тарихынан қызықты да, ауқымды мәлімет айтылды. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздер жинағын оқырман қауымға насихаттау жүргізілді. Кітап көрмесіндегі 7 кітапқа ерекше тоқталып, шолу жасалып, афоризімдері оқылды. Оқушылар өз тарапынан елбасы туралы ақпараттарымен бөлісіп, тәуелсіздік жолындағы үлгі тұтар игі істерін айтып өтті. «Елбасы жолы» бейнебаян көрсетіліп, сұрақ–жауап арқылы ойымыз түйінделді.

 

Облыстық арнайы кітапханада «Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-Домбыра!» атты Қадыр Мырза Әлидің-85 жасына арналған музыкалық әдеби кеш өтті. 24-ші жалпы орта мектептің жас домбырашылары жетекшісі Б.Сатиевтің бастауымен, кешіміз домбыраның үнімен ашылды.

Ақынның өмір тарихы және шығармаларымен танысып, жеке мұрағатынан суреттері мен бейнебаян көрсетілді. Жазушының өлең, поэмаларынан және афоризимдерінен үзінді оқылды.

Подробнее...  

Арнайы кітапханада 8 қаңтар күні алғашқы болып Рождествоға арналған «Мерекелік тілек пен үміт» мерекелік шарасы өтті. Мерекеге «Облыстық поляк қоғамы «Полония», «Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі», Сібір казактары Одағының, «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері  және «Радуга» ансамблі сазды әуендерімен дүр сілкіндіріп, кешіміздің көңілді өтуіне үлкен үлес қосты. Әр халық салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 8 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр