+7 (7182) 65-01-29

АҚ ТАЯҚ КҮНІ мен Халықаралық зағиптар күніне орай «Қамқорлық» айлығы аясында ОӨК цехында арнайы кітапхана оқырмандарымен сұхбат ұйымдастырылды.

Подробнее...  

10 қараша күні арнайы кітапханада қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, сценарист, кинорежисер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Б.Қанапьяновтың  «Достояние души» жинағының зағип оқырмандарға арналған бедерлі-нүктелі және аудиоформатта бейімделгенкітабының тұсаукесері өтті.

Подробнее...  

Байқауға көру қабілеті нашар және басқа да мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тактильді кітаптар қабылданады.

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы мен «М. Әлімбаев атындағы Павлодар қаласының ЖОМ» КММ  «Білімге жол атты»  тактильді кітап онлайн-байқауына қатысуға шақырады!

Подробнее...  

3 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 125 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана облыстың мәдени әлеуетін дамытуда» атты халықаралық кітапхана форумы бастау алды.

Подробнее...  

29  қазанда  «Еrtis»  ҚТК және «Көзі көрмейтін нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» бірлескен «Керемет жандар» әлеуметтік жобасының  кезекті бағдарламасы шықты.

Бағдарламаның қонақтары;  Қазақ соқырлар қоғамының  мүшелері, арнайы кітапхананың белсенді оқырмандары Даирханова Құралай - көз мүгедектер арасында шаңғы жарысы бойынша спорт шебері және оның қызы Даирханова Меруерт - парадзюдо бойынша спорт шеберіне үміткер.

Подробнее...  

27 қазан күні Павлодар облыстық арнайы  кітапханасы белсенді оқырман, Павлодар Ертіс өңірінің ақыны, «Радуга» ансамблінің мүшесі, Қазақ зағиптар қоғамының  мүшесі – Валентина Харитоновна Косовичтің 75 жасының құрметіне  кеш өткізілді. Мерейтой иесіне деген үлкен ыстық ықыласпен және сүйіспеншілікпен құттықтауға келген қонақтар:  «Қазақ зағиптар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы – Д.Қ.Қабдулов, Облыстық мәдениет және спорт жөніндегі басқармасының төралқа мүшесі  – Амиров С.Т., әріптес жазушылар, «Радуга» ансамблі.

Подробнее...  

21 қазан Халықаралық мәдени жоба аясында «Қазақстан-Татарстан. Мәдениеттер диалогы» Казань (Татарстан) зағиптар мен нашар көретіндерге арналған республикалық арнайы кітапханасымен бірлесіп, атақты композитор Латиф Хамидидің 115 жылдығына орай «Дала мен домбыра баурап алған» атты мерейтойлық кеш ұйымдастырылды. Іс -шараға Татарстаннан және Қазақстанның басқа аймақтарынан әріптестеріміз ZOOM платформасы арқылы қосылды.

Подробнее...  

2021 жылдың 6 қазанында Б.Момышұлы атындағы орта мектепте 10 -сынып оқушыларына тұтастық қағидаларын насихаттаушы мәдениет қызметкері арасынан  спикер облыстық арнайы кітапхана басшысы - Ж.Қ. Кенжебековамен кездесуі өтті. 

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 50 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр