+7 (7182) 34-89-93

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туылған күніне орай, 10-шы тамыз күні Ақтөбе қалалық облыстық арнайы кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Поэзия-властитель языка» деп аталатын онлайн  музыкалық-әдеби  кездесуге 6 облыстық арнайы кітапхана белсенділік танытты.

Подробнее...  

Облыстық арнайы кітапханада оқырмандар арасында өлкетанушы В.Болтинаның 75 жылдық мерейлі жасына орай «Мұрағат ісінің үздігі» атты кешкі кездесу өтті. Бұл кеште өлкетанушы жайында ақпарат пен оның авторлық  кітаптары оқырмандарға ұсынылды.

Подробнее...  

21 шілдеде Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехында «Ақын, драматург, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Шамкенов Аманжол Шамкенұлының туғанына 95 жыл» толуына орай өлкетану оқулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар жерлесіміздің кереметтей жазған туындыларымен және өмірбаянымен танысты. Цех қызметкерлеріне Аманжолдың «Сердце...», «Кто ты милая?», «О степь...» өлеңдері мен ақын жинағынан «Ертістің ұлы» өлеңдері оқылды. Сол сияқты ақынның «Настроение» өлеңдер жинақ кітабынан да «Эльба» өлеңі оқылды.

Облыстық арнайы кітапхананың төрінде «Ертіс перзенті» атты ақын, драматург Аманжол Шамкеновтің 95-жылдығына орай, кітапхана оқырмандарына арнап әдебиет сағаты өтті.

Подробнее...  

14 шілде күні кешкі кітапхана бағдарламасында «көне» дәуір туралы әңгімеленді.

Подробнее...  

15 маусым күні сағат 11:00-де облыстық арнайы кітапханада Брайль қарпімен оқу мен жазу сайысының бірінші кезеңі өтті. Байқау «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесіп ұйымдастырылып, Қазақ зағиптар қоғамының 85 жылдығына арналды. Бұл байқау зағип жандарды бедерлі нүктелі шрифтпен басылған кітаптарды белсенді оқуға тарту мақсатында өткізіледі.

Подробнее...  

Жазғы демалыс уақыты басталып, балалардың саяхат уақытында, арнайы кітапханада №24 ші Павлодар жалпы орта білімінің 1 мен 4 аралығындағы қазақ және орыс сыныбының  оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.

Подробнее...  

2022 жылы 7-ші маусымда Облыстық арнайы  кітапхана төрінде «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы бойынша, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына орай «Шабыт» клубының белсенді оқырмандарына «Ел бүгіншіл, менікі-ертең үшін» деп аталатын поэзия кеші өтті. Бұл кеште қазақ ақыны, мемлекет қайраткері А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағынан үзінді оқылып, ақын жайында бейнебаян көрсетілді. 

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 818 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр