+7 (7182) 65-01-29

Отан қорғаушылар күні – Отанымыздың күзетінде тұрған барша халықтың мерекесі. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында өткен «Мен Отанға сенемін» мерекелік концерті нағыз ержүрек, батыл және күшті ер азаматтарға арналды.

Подробнее...  

Туған күнді көпшілігіміз асыға күтеміз. Сыйлық алу, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады. Қалай болғанда да, жылдың 365 күнінің бір күнін ерекше қарсы алып, өзіңе назар аударып, жалғыз емес екенін сезіну артық етпесі анық.

Подробнее...  

1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі тәуелсіздік алғаннан бастап тойлануда.

Подробнее...  

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері, әнші Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжановтың туылғанына  биыл 85 жас толуына орай, облыстық арнайы кітапхана төрінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейімен бірлесе музыкалық салонында кітапхананың тұрақты оқырмандары және  Павлодар қалалық 24-ші орта мектебінің  8 «ә» сынып оқушыларына кездесу ұйымдастырылды.

Подробнее...  

2022 жылы 27-і сәуір облыстық арнайы кітапхана төрінде  «Жемқорлықсыз  қоғамға қадам» атты  дебат жарыс сөзі өтті.

Подробнее...  

Ақын, журналист, әдебиеттанушы  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері О.Н. Григорьева 65 жылдық мерейтойын атап өтуде.   Мерейтой иесіне арнап облыстық арнайы кітапхана  зағип оқырмандарына өлкетану оқуларын ұйымдастырды. Оқырмандар О.Н. Григорьеваның өмірі мен шығармашылығымен танысып,  «Хвала поэтам невыходным»,«Патриотическое», «Сорок четыре», «Умная мысль»,«Богиня по имени нет» деген өлеңдерін тыңдады. Отанын сүюге тағы бір маңызды себеп – талантты жерлестердің, өңірімізде  ғажайып тұлғаның өмір сүретініне көз жеткіздік.

20 сәуір  күні Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасымен серіктестік жобасы аясында «QR-код –инновационный инструмент в библиотеке» атты әдістемелік сағат өтті. Павлодар облыстық арнайы кітапханасының «Жан алауы» дыбыс жазу студиясының кітапханашысы – Татьяна Смирнова QR-кодты кітапхананың жұмыс барысында пайдалану туралы, кодты қалай жасау керектігін, QR кодының мазмұны мен тарихы туралы айтып берді.

Подробнее...  

18 сәуірде отбасылық жанжалдарға қарсы жүйелі әлеуметтік, оңалту және ағарту жұмыстарын қоса алғанда, отбасындағы зорлық-зомбылық профилактикасының тиімділігін арттыру, отбасылық тәрбие, білім беру, мәдениет мәселелерін қамтитын шаралар кешенін қабылдау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Павлодар облыстық арнайы кітапханасында учаскелік полиция инспекторы Жадрин Қанат Ерсайынұлының шақыруымен «Отбасы – ошақ қасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 72 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр