- Подробности
- Автор: Администрация
«Туған күн иелерін құттықтау» жобасы бойынша ақпан айының 23 күні Естай атындағы мәдениет үйінің "Жастар мен жұмыс жасау" орталығы жетекшісі Ж.Баженова мен жанды дауыста әнші А.Валиев пен тлекші оқырман Б.Тлешова тамаша ән шашуларымен туған күн иелеріне тамаша көңіл күй сыйлады.
- Подробности
- Автор: Администрация
Балалар жылы аясында Облыстық арнайы кітапхана Достық үйімен бірлесе №7 арнайы мектеп-интернатының көз мүгедегі оқушыларына өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы
- Подробности
- Автор: Администрация
18-ші ақпан күні Облыстық арнайы кітапханада «Пока мы помним-мы живем» атты Кеңес әскерлерін ауғанстан жерінен шығарылған күнін еске алу кеші өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Қазақстанның халық әртісі Қали Байжанов 145 жасқа толуына орай, арнайы кітапханада эстетика сағаты өткізілді. Қали Байжанов жайлы тың мәлімет пен бейнебаян көрсетіліп соның ішінде көбі біле бермейтін ақпарат, киноиндустрия саласының майталманы болған ағайындылар, бірі кино режиссер, ал екіншісі халықтың сүйікті әртісі атанған Шәкен Айманов пен Кәукен Кенжетайевтың жездесі екені туралы оқырмандарымызға белгілі болды. Сонымен қатар Қали Байжановтың орындауындағы «Шама», «Ақ сиса», «Жалғыз арша» халық әндері қойылып оқырмандармен бірге шырқалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Бүгін, ақпанның 14-і – халықаралық кітап сыйлау күні. Кітап – алтын қазына, білім бұлағы, жан азығы. Кітап қадірін түсінетіндер оны ерекше қастерлейді деп бұл мерекені арнайы кітапхана елеусіз қалдырмай, екі жыл бойы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кітапханасына кітап сыйлауды дәстүрге айналдырды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2022 жылдың 11 ақпанында Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясымен бірлесіп Қазақ соқырлар қоғамының 85 жылдығына арналған мерекелік концертін өткізді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханада қазақтың тұңғыш драматургы, режиссері, Қазақ КСР-нің халық әртісі Жұмат Шанинның - 130 жылдығына орай ақпараттық сағаты өткізілді.
Жұмат Шанин Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салушы. Ол көптеген пьесаларда ойнаған. Арқалық батыр мен Екебұланның рөлінде сомдаған. Бүгінде ол кісінің атымен Шымкент қаласында театр мен Баянауыл ауданында бір ауылдың аты аталған. Оқырмандарға оның өмірі мен шығармашылығы жайында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2 ақпан күні Қазақ зағиптар қоғамы оқу-өндірістік кәсіпорнының тігін цехында Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығына орай «Тұңғыш тілші, қазақ» атты дауыстап оқуы өтті.
Мұхамеджан Сералиннің өмірбаяны мен шығармашылық жолына шолу жасалып тілшінің еңбегі туралы айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 58 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









