+7 (7182) 65-01-29

29 наурыз күні сағат 14:00-де Павлодар педагогикалық университетінің дефектология, филология, педагогика факультетінің студенттеріне арналған облыстық арнайы кітапханада «Қолмен оқудың тарихы» атты шеберлік сағаты өтті.

Подробнее...  

25 наурыз күні арнайы кітапханада аяулы да қадірменді оқырманымыз, өмір жолында белсенді позицияға ие болған, өнерлі де көркем Амирова Маринаны еске ала, «Марина - свет моих очей!» атты достар арасында еске алу кеші өтті.

 Іс-шара жүрек төрінен шыққан жылы сөздермен, поэзиялық шығармалармен толысты. Маринаның жан -жары Амиров Серіктің махаббат пен жылулыққа толы өлеңдері және оқырмандардың арнау өлеңдері жүректерімізді тербеді және арнайы кітапхана атынан Маринаға арналған «Марина- свет моих очей!» атты өлеңдер жинағы жарыққа шағырылды.

Подробнее...  

Наурыз – қазақ үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам тойланып келе жатқан жылдың басты мерекесі. Бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы.

Подробнее...  

Облыстық арнайы кітапхана төрінде «Наурыз-көже» дайындау бойынша шеберлігін  көрсету рәсімі өтті. Наурыз көженің жасалу жолдарын, әдіс-тәсілдерін № 24-ші мектептің 9 «ә» сынып оқушыларына  кітапхананың тұрақты оқырманы 1 топ көз мүгедегі Асия Күбетайқызы көрсетсе, «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі қазақ салт-дәстүрінің бұрымды қыздарымызға тағылатын шашбау туралы, оны тағу мен  жасалу жолы мен ырымдары жайлы айтылып көрсетілді.

Подробнее...  

8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ең ізгі тілектерін білдіре арнайы кітапхананың нәзік жан оқырман қауымына 8 Наурыз мерекесіне арналған концерт ұйымдастырылды.

Подробнее...  

4 Наурыз күні облыстық арнайы кітапхана қабырғасында «Встречаем озорную масленицу!» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік шараға Украин вокалдық ансамблі, "Радуга" ансамблі, "Оптимист" вокалдық тобы қатысып, «Масленица» халықтық мерекесін кеңінен атап өтті.

Подробнее...  

«Мен білетін жалғыз сұлулық – денсаулық» Ұлы Гете деген. Денсаулық – ол әр адамның өміріндегі ең баға жетпес байлығы.

Подробнее...  

1 наурызда қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Алғыс айту күні – Қазақстанның барлық тұрғындарының бір-біріне деген құрметі. Көктемнің алғашқы күнінде оқырмандарына арнайы кітапхана «Шын жүректен Алғыс!» қайырымдылық концертін өткізді.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 57 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр