+7 (7182) 65-01-29

Облыстық арнайы кітапханасында "Карлаг- зұлмат жылдар елесі" 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылса, ал Бұхар жырау музейінің қызметкерлері зағип оқырмандарымызға Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық жылдары туралы еске алу  сағатын өткізді. 

Подробнее...  

Бүгін  қазақ соқырлар қоғамының оқуөндірістік кәсіпорнының тігіншілер цехында зағип оқырмандарымызға  1937 жылғы  зұлмат жылдардағы Алжир – ең ірі әйелдер лагері және «ГУЛАГ» лагерінің тарихы туралы әңгіме сағаты жүргізілді. Сонау 1937 жылы ашылған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында Алжир атанып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 26-шы нүктесі болып құрылған осынау «тозақ» орталығында небір ел жайсаңдарының әйелдері, қыздары мен қарындастары жазықсыздан жазықсыз жапа шекті.  Аталған лагерьде 1937-1938 жылдардағы "халық жауы" атпен қудаланған зиялылар мен мемлекеттік, партиялық қызметте болған адамдардың жұбайлары ұсталынды.

Подробнее...  

24 мамыр жыл сайын барлық славян елдерінде «Славян әдебиеті мен мәдениеті күні» ретінде тойланады. Бұл мерекенің шығу тегі Славян әліпбиін жасаушылар Славян ағартушылары Қасиетті Апостолдар Мефодий мен Кириллді құрметтеумен тығыз байланысты. Кирилл (Константин) (827–869) және Мефодий (шамамен 815–885).

Подробнее...  

19 мамыр күні облыстық арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Эммануил (Александр) Иванович Шиллердің 100 жылдығына арналған «Өткен заман әндері» атты музыка салонында кездесу өтті. Мерейтойлық концертке Павлодар қаласының Славян мәдени орталығының «Александр Шиллер орыс ән хорының ардагерлері» хоры шақырылды, оның музыка жетекшісі Козлов Дмитрий Александрович.

Подробнее...  

2022 жылдың 12 мамырында арнайы кітапхана оқырмандарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.М.Магеррамовпен  және Нугманова Г.К  кездесу өтті. Бұл жиында депутаттар ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумға байланысты сөз сөйледі.

Подробнее...  

11 мамыр күні облыстық арнайы кітапхана қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары аясында «Құқықтық мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізі» тақырыбында ұйымдастырылды. Шараға №24 орта мектептің 8-сынып оқушылары мен арнайы кітапхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің спикері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы– Бекжанов Назымбек Алпысбайұлы.

Подробнее...  

Аты аңызға айналған шабуылшы ұшқыш Талғат Бегелдинов ел басына қиын кезенде Отанға деген сүйіспеншіліктің, ерлік пен жауынгерлік өнердің таңғажайып үлгісін көрсетіп, өзін де, халқын да асқақтатты.

6 мамырда облыстық арнайы кітапханада оқырмандарға Т.Я. Бегелдиновтің айбынды ерлігі мен омірбаяны жайлы ақпарат берілді.Оқырмандар Талғат Бегелдиновтің 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында дүниеге келгенін білді. Екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры екенін де білді.

Подробнее...  

9 мамыр – Жеңіс күні – ұлы мерекелердің бірі, бұл күнді  әлемнің көптеген елдерінде құрметтейді. Міне, осыдан 77 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Бейбітшілік аспан аясында өмір сүріп жатқанымыз - ол қазіргі ардагер жауынгерлеріміз бен бұл өмірден өткен батырларымыздың арқасында.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 76 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр