+7 (7182) 34-89-93

Күздің қарсаңында арнайы кітапханада «Осенний вернисаж» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шара келесі балалардың өнерімен безендірілді: № 46 балабақша тәрбиеленушілері А. Оспанова , Ж. Жарылғас және № 39 мектептің оқушысы Е. Қасым.

Подробнее...  

Капцов А.А. ойлап тапқан «ZRENIE» ақылды таяқтың тұсаукесері. «Ақылды таяқ» кедергілерді екі режимде беретін белгі сенсорармен жабдықталған: дыбыстық және діріл; шағылысатын жолақтар; ұшындағы доңғалақтың арқасында басқару оңай.

Жамбыл атамыз айтқандай «Ән –халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі».  Әнге деген сезімді сыйлаған, құрметтеген  оқырман қауым 17 шілде күні облыстық арнайы кітапхана төрінде ұйымдастырылған П.Чайковский атындағы Музыкалық колледжінің 60 жылдығына арналған музыкалық кешіне қатысты.

Кеш қонақтары: колледж оқытушылары Марачковская Ольга Николаевна, Артем Александров және колледждің түлегі Шилаева Александра Петровна, сонымен қатар «Альрами» клубының «Позитив» ансамблі. Кеш жылы естеліктермен, колледждің қалыптасу тарихымен, сондай-ақ керемет музыкалық сәлемдемемен  көркемделді.

Подробнее...  

12 шілде күні облыстық арнайы кітапханада «Бір ел – бір кітап 2019» республикалық акциясы өткізілді.  Биылғы жылы таңдап алынған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділдә Тәжібаевтің өлеңдер жинағы талқыланды.

«Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихына мәлімет беріліп,  халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаевтің, ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, жыр дүлділі Ә.Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды.

Подробнее...  

Облыстық арнайы кітапханада белгілі әншілер Мәдина Ералиева, Нағима Есқалиева, Бағдат Сәмединованың 65 жасқа толуына орай «Сүйікті әншілер» атты музыка салонында кездесу кеші өтті.

Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болғандықтан, бүгінгі кешті әнге арнадық.

Подробнее...  

Нұрсултан Назарбаевтың биліктегі 30-жылына  байланысты Қазақ КСР-ның Коммунистік партиясының бірінші хатшысынан тәуелсіз Қазақстанның ел Президентіне дейінгі еңбек жолына арналған арнайы кітапханада    «Нұрсултан Назарбаев» атты тақырыптық апта ұйымдастырылды.

Подробнее...  

Қарттар мен мүгедектер үйінде «Көне дала сазы» атты эстетика сағаты өтті. Іс-шара барысында патриоттық, поэзия мен махаббат туралы өлеңдер оқылды.

Олар үшін күйтабақтар жағымды тосын сый болды.

Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар Алдаберген Мырзабеков, Ермек Серкебаев, Әлібек Днишев, «Дос-Мұқасан» тобының орындауында ұмытылған әндерді тыңдап, жастық шақтарын еске алды, күйтабақтардың сиқырлы дыбыстарына иеленіп вальс биледі.

Облыстық арнайы кітапханада Павлодар жуналисі, ақын, патриот Ж.Б.Садыковтың 70-жылдығына арналған «Қызықты адаммен кездесу» кеші өтті.

Жасұлан Бәкиұлы өзінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы және журналистік өмірден көптеген қызықты әңгімелер айтты.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 111 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр