+7 (7182) 65-01-29

5 маусым күні облыстық арнайы кітапхана әлеуметтік желілерде «Bibliofresh» апталық жаңалықтар рубрикасын іске қосты.

«Казахстанская правда» газетінің «Калейдоскоп» рубрикасында «Песня для всех» мақаласы жеті түркітілдес мемлекеттің музыканттары 17 халық аспабында Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Молдовадан, Әзербайджаннан, Ресей (Башқұртстаннан), Өзбекстаннан және Түркиядан 26 музыкант орындады деген.

Подробнее...  

3 маусым күні Облыстық арнайы кітапхана ғаламтор желісіндегі парақшаларында күйші-композитор Махамбет Бөкейхановтың 130-жылдығына орай «Махамбет Бөкейханов» атты онлайн-ақпараты өткізілді.

Бұл ақпаратта Құрманғазы, Дәулеткерей, Әлікей, Салауаткерей, Сейтек т.б. халық композиторларының ондаған күйлерін біздің заманға жеткізген Махамбет Бөкейхановтың өмірбаяны мен қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі жайында айтылды.

Подробнее...  

Мемлекеттік рәміздер күніне қарсы арнайы кітапхана 2 маусымда әлеуметтік желіде «Қазақстан рәміздерінің тарихы» атты онлайн-ақпаратты жолдады.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Подробнее...  

Абайдың 175-жылдығына орай, 1 маусымда арнайы кітапхананың әлеуметтік желісінде, «Абайдың даналығы» атты рубрикасының аясында «Ұяламын дегені көңіл үшін» атты өлеңі оқылды.

«Тарих шындығы: оқиғалар, адамдар» деп аталатын дауыстап оқулары Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналды. Этностық және діни тегі бөлек миллиондаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, туған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түрмелерінде жазықсыз көз жұмды. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

 

Кітапхана басшысының орынбасары «КІТАПХАНА ІСІНІҢ АРДАГЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.

26 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхана ғаламтор желісіндегі парақшаларында Жалпыресейлік кітапханлар күніне орай «Кітап және кітапхана туралы» онлайн ақпаратын ұсынды.

Бұл кәсіби мереке 1995 жылдың 27 мамырында «Жалпыресейлік кітапханалар күнін бекіту туралы» Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен бекітілген.

Подробнее...  

25-ші мамыр күні ғаламттор желісіндегі аранайы кітапхананың парақшасында «Қыз Жібек» эпосының 515 жылдығына арналған онлайн ақапар ұсынылды.

Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр