- Подробности
- Автор: Администрация
19 маусым күні әлеуметтік желілерде оқырмандарымызға облыстық арнайы кітапханамыздың 50 жылдығына арналған «Bibliofresh» - апта жаңалықтарын ұсындық.
«Сарыарқа самалы» газетінде А.Қожаханованың «Зағиптар кітапханасына–50 жыл» және біздің оқырманымыз Балкен Ибраеваның «Кітапхана – екінші үйіміз» атты мақалалары жарыққа шықты. Ресейлік «Библиотека» журналында Л.Қуантаеваның «Увидеть, услышать великую степь» мақаласы жарияланды.
- Подробности
- Автор: Администрация
18 маусым күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы әлеуметтік желілерінде Әкелер күніне орай, "Ер тәрбиесі дегеніміз не?" атты онлайн-ақпаратты жариялады.
Онлайн-ақпаратта әкелік тәрбиесінің ерекшелігі, тәрбиелеу үрдісіндегі ер адамның рөлі және баланың болашағына деген ықпалы жайлы баяндалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
18 маусым күні Облыстық арнайы кітапханасы Instagram, Facebook, Youtube әлуметтік желілеріндегі парақшасында «Балалық шақтың Балдырғаны» танымдық сағатын ұсынады. Бүгінгі айдарымыз Халқымыздың аса көрнекті ақын-жазушыларымызға арналды. Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев, Оразақын Асқар және Сейіл Боранбайұлы және де шығармашылық қоржынынан «Кәмпит», «Дұрыс па, бұрыс па?», «Жақсы көйлек», «Жаз»,«Қыз жібек», «Шұғынық», «Көкше мұз», «Шырпы» өлеңдері ұсынылды. Әр бейсенбі сайын бізбен бірге «Балдырған» журналын тамашалауға шақырамыз!
- Подробности
- Автор: Администрация
«Ақ желкен» журналына биыл 95 жыл. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.
Журнал алғаш рет 1926 жылы «Лениншіл жас» газетінің беттерінде «Пионер» деген атпен жарық көрді. Журналдың тұңғыш редакторы Ерғали Алдоңғаров. Содан кейін журналды Саттар Ерубаев, Сақтаған Бәйішев, Әбілфайыз Ыдырысов, Сейдахмет Бердіқұлов, Фариза Оңғарсынова, Уәлихан Қалижанов, Сұлтан Қалиұлы сынды азаматтар басқарды. «Ақ желкен» журналының қазіргі бас редакторы – Балжан Мұратқызы.
- Подробности
- Автор: Администрация
17 маусымда Облыстық арнайы кітапхананың "фейсбук", "инстаграм", "ВКонтакте" әлеуметтік желілерді пайдаланушыларына Павлодар қаласының жазушысы, политикалық тұлғасы Ю.Мостовойдың 75-жылдығына орай "Пристань сердца" поэзиялық көңіл-күй сағаты өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
11 ші маусымда Облыстық аранайы кітапхананың Instagram, Facebook, Youtube әлуметтік желідегі парақшасында бүгін бірінші рет «Балалық шақтың Балдырғаны» танымдық онлайн сағаты жарияланды. Бұл танымдық сағаттың айдарын айтар болсақ «Өмірдерек», «Ол кім? Бұл не?», «Жұмбақ шешу», «Өтірік өлең», «Қазақтың әдет-ғұрпы», «Әліппедегі әріптер», «Жаңылтпаштар» және т.б. қызықты ақпараттарды тамашалай аласыздар. Жазғы уақытта, 11 маусым 31 тамыз аралығында әр бейсенбі күндері осы ақпаратты балаларға арнаймыз.
- Подробности
- Автор: Администрация
10 шы маусымда Қазақстанның халық әртісі Қайрат Әукенұлы Байбосыновтың 70 жасқа толуына орай, арнайы кітапхананың әлеуметтік желісінде онлайн ақпарат жарияланды.
Қайрат Әукенұлы Байбосынов 1950 жылы 1 маусымда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын бітірген. әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- Подробности
- Автор: Администрация
9 маусым күні арнайы кітапхананың әлеуметтік желілерінде Домбыра күніне «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» онлайн ақпарат ұйымдастырылды. Бұл мереке 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен рәсімделі.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 122 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









