- Подробности
- Автор: Администрация
4 қазан күні сағат 12: 00-де соқыр және көзі нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Алтын ғасыр» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекеге «Сәулем-ай» мүгедек ансамблі, ПМУ Торайгыров студенттері қатысты. Іс-шара музыкалық құттықтаулармен басталды. Іс-шараның екінші бөлігінде ардагер, мерейтой иесі Ж. М.Садықованың 75-жылдығына арнадық. Музыкалық сәлемдер және көп жақсы ыстық лебіздер мерейтой иесіне айтылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
29-шы қыркүйек күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында кітапхана ардагерлердің қатысуымен "Көтеріңкі көңіл күй" атты кездесу кеші өтті.
Барлық мерекеге келген қонақтар өткен жылдарды еске алып, бір-бірін құттықтап, жылы атмосферада шын жүректен әңгімелесіп көңілдері көтеріңкі отырды. Қонақтарға зейнеткерлердің кітапханада жұмыс еткен жылдары туралы арнайы дайындалған слайд суреттері көрсетілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
27 қыркүйекте Виктор Семерьяновтың 80 жылдығына арналған «Известный казахстанский поэт» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шара Шафер мұражай үйімен бірлесіп өткізілді. Мұражайы үйінің библиографы мұражайдың шығаруымен Виктор Семерьяновқа арналған дыбыстық компакт-дискілерін тыңдатты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай 22 қыркүйекте көзі көрмейтін және нашар көретін азаматарға арналған облыстық арнайы кітапханасында ҚСҚ (қазақ соқырлар қоғамы) мүшелерінің отырысы өтті. Оқырмандарды «Рухани жаңғыру» - президент бағдарламасымен таныстырып, «Бір ел – бір кітап» Республикалық акцияға қатысушыларды сайладық, сонымен қатар төмендегі сұрақтар қарастырылды: қарттар күнің өткізуін талқылау; «Не? Қайда? Қашан?» онлайн-ойынына дайыдық туралы; «Ақ таяқ» күнің өткізу туралы; ҚСҚ 80-жылдығы; ағылшын курстары кажеттілігі туралы; арнайы кітапхана алаңында даладағы тренажерларды орналастыру; «тифлофильмдер көрсету туралы.
- Подробности
- Автор: Администрация
Бала тілі бал дегендей, 20 қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапхана таңертеңнен бастап тілдер мерекесіне орай №121 балабақша тәрбиеленушілеріне «Тұлғалардың тілі, мыңжылдық тіл» деген атаумен іс шарасын өткізді, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүлдіршіндерімізге төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп кітап көрмесі арқылы көрсету болды, оның жалғасы ретінде көз мүгедектерінің жазу құралдарын, арнайы шахмат пен шашкілерін көрсетумен қатар, Брайль әрпінің шығуы, мүгедектердің қолданыстағы тифлокешені туралы айту мақсатын жүзеге асыра, кітапханаішілік экскурсия жасалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
15 қыркүйекте Нашақорлықтың медициналық - әлеуметтік проблемалары жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық орталығында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың дарынды оқырмандары - мүмкіндігі шектеулі адамдар, зағип ақындар В.Косович, И.Неустроев, Г.Юнеман, Н.Черепанованың қатысуымен «Зағиптар әлеміне көз салайық» атты акциясын өткізді. Жеке орындаумен ән шырқағандар: Адамжанова Г. (домбыра), Кызынгашева Л. (баян), Утениязов А. (гитара).
- Подробности
- Автор: Администрация
"Мерейлі отбасы" бағдарламасы негізін қолға ала, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Облыстық арнайы кітапхана 13 қыркүйек күні «Мен және менің отбасым» атты іс шарасын өткізді. Сондай жарасымды тірлігі бар, көкірегі ояу зағиптар арасындағы жанұяларды үлгі ретінде көрсетуді, облыстық арнайы кітапханасы мерекелік іс шараға келген зағип жандарды «Кітапханалық отбасы» деген ұғыммен одан әрі жігерлендіре түсті. Осы іс шарада отбасылық тәлім-тәрбие мен туысқандық қатынастар жайлы мәқал-мәтелдер айтылып, өлеңдер шырқалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні сағат 10.00 ден 12.00 ге дейін және 15.00-ден 17.00 ге дейін Ашық есік күні атты іс шарасы өтті. Кітапхана басшысы Ж.Қ.Кенжебекова шараға келген оқырмандарды шақырылған мемлекеттік мекеме мен ұйымдар өкілдерімен таныстырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








