- Подробности
- Автор: Администрация
Тұңғыш Президент күніне орай көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында жыл сайын «Брайльша оқимыз және жазамыз» сайысын өткізу дәстүрге айналды.
Өткен жылғы сайыста сауаттылығы мен жазу жылдамдығын ескере отырып диктант жазғызсақ, биылғы жылы негізгі назарды оқу жылдамдығына аудардық.
- Подробности
- Автор: Администрация
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана Халықаралық соқырлар күні мен Қазақ соқырлар қоғамының 80-жылдығына орай 15 қараша күні АҚ ТАЯҚ КҮНІНЕ арналған мерекелік концертті өткізді.
Концертке қатысқандар: С.Торайғыров атындагы ПМУ Орындаушылық өнер кафедрасының және музыкалық колледж студенттері, Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаттың оқушылары; Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әртістері және № 82 арнайы бала-бақша тәрбиенушілері.
- Подробности
- Автор: Администрация
26 қазан күні Республикалық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана дайындаған Елбасы Н.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Брайль шрифті латын әліпбиіне көшу тұрғысында» атты дөңгелек үстелге онлайн қосылу арқылы облыстық арнайы кітапханасы қатысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 25 қазан күні Өскемен қаласының арныйы кітапханасымен «НЕ? ҚАШАН? ҚАЙДА?» атты интелектуалды-танымдық онлайн-ойыны өтті. Ойын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында және Республика күніне арналды.
Ойынға қатысушылар зағип және көзі нашар көретін оқырмандар. Ойын ережеге сәйкес дөңгелек үстел басында өтті және үстел үстіне хатқалтаға салынған сұрақтар қойылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
18 қазан күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Мисс және Мистер Оптимист» -2017» деп аталатын байқауын өткізді. «Мисс және Мистер Оптимист» атағына арналған күреске 8 белсенді оқырмандар қатысты. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздардың есімдерін жариялады.
- Подробности
- Автор: Администрация
Кітапханашы күні – Қазақстанда осындай мереке күні жоқ. Сондада 15 қазан күні Алматы қ. осы күн мереке күні болып ресмі түрді өтеді.
Кәсіби мереке қарсаныңда арнайы кітапхананың қызметкерлері 13 қазан күні «Кітапханашы неден басталады?» деген мерекелік күнің өткізді. Шараға «Менің маманым – кітапханашы» атты кітап көрмесі дайындалды. Оқу залының қабырғалары плакаттар мен ұрандармен безендірілді. Жас қызқметкерлерді кітапханашыларға арнады: олар жұмысқа адалдықпен жұмыс істеуге ант берді, интеллектуалдық викторинаның сұрақтарына жауап берді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні облыстық арнайы кітапхана оқырмандарға арналған кинотерапия «Нұрсауле» атты тифлотүсініктеме арқылы тыңдалатын жаңаша жұмыс түрін енгізді.
Бұл «Нұрсауле» кинотерапиясының алғашқы көрсетілімі болып «Бриллиантовая рука» филімі ұсынылды. Оқырмандарымыз жақсы көңіл –күймен демалып, келесі жолы қойылатын филімге қызығушылық пен сұраныс білдірді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана «Соқырларға көмектесетін Тифлотехника» атты ақпараттық сағатын өткізді. Қызмет көрсету бөлімі оқырмандарға арналған ақпаратты ұсынды. Қызмет көрсету бөлім қызметкерлері өз оқырмандарын заманауи тифлотехникамен таныстырды. Әңгімелесу барысында көзі нашар көретін адамдарға тифлотехниканың қалай көмектесетінің және маңызды қиындықтарды шешетіні туралы әңгімеледі, оның шешімі көру қабілеті нашар адамдардың белсенді және тәуелсіз өміріне байланысты. «Дыбыстандырылғын бағдарламамен сенсорлық телефонды қалай пайдалануға болады» деген мастер-класы өткізілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 248 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр







