+7 (7182) 34-89-93

20 сәуірде облыстық арнайы кітапханасы П.Васильев мұражайымен бірлесіп С.П.Шевченконың 90 жылдығына арналған «Жазушы, журналист, өлкетанушы» Еске алу кешін өткізді. Кітапхана оқырмандары, көз мүгедектері С.П.Шевченконың шығармашылық мұрасымен танысты.

Сергей Шевченконың өмір кезеңдері П.Васильевтың мұражайымен тығыз байланысты. Павел Васильевке арналған «Будет Вам помилование люди» повесін жазды. Ол 15-кітаптың авторы, кинодерекші, публицист,«Павел Васильев. Избранное» кітабының құрастырушысы болып табылады.

Оқырмандардың назарына ақын Павел Васильев туралы бейнероликтер ұсынылды.Сергей Шевченконың рухына өлеңдер арналды.

2017 жылдың 7-ші сәуір күні облыстық арнайы кітапханада Бүкілдүниежүзілік денсаулық күніне арналған оқырмандар мен кітапхана қызметкерлер үшін «Твори свое здоровье сам» іс шарасы өткізілді. Іс-шараның ақпараттық бөлшегі ретінде «Азбука здоровья» иллюстративтік-кітап көрмесі ұсынылды. Денсаулық күні «Дені саудың – жаны сау» сергіту сәтімен басталды. Оқырмандарға арналған құттықтау сөзі музыка және бейнебаяндармен жалғастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары арасынан тоғызкұмалақ, шахмат, дойбы, жүзу және шаңғы спорт түрінен спорт шеберлері қатысты.

Подробнее...  

2017 жылғы 16 наурызда көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхананың залы шаңырақ стилінде көркемделіп, қабырғаларда (текемет) қолмен жасалған кілемдер ілінді. Сонымен қатар салт-дәстүр туралы мағлұматтарын ұсынуда кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Мереке дәстүрлі түрде «шашу» салтынан басталды.

Наурыз мейрамының басты қонағы ретінді «Дустлик-хайот» Өзбек этномәдени бірлестігінің» ұжымы ән шырқап өз салт-дәстүрлері туралы айтты.

Подробнее...  

Облыстық арнайы кітапханасы 2017 жылдың 10 наурыз күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған көзі нашар көретін ақын В.Х.Косовитың шығармашылық кешін өткізді.

Осы көктем күндері ерекше бір сүйкімді, нәзік сезімге баулайды. Бұл ерекше күту сезімі «Көктемді сезу» деп аталады

Подробнее...  

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінің қарсанында облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері «Жас ұрпақ» жастар үйімен бірлесіп, 2017 жылдың  6 наурыз күні «Сүйікті жандар күні» атты тақырыптық кеш өткізді. Мерекелік шараға кітапхананың оқырмандары Кызынгашева Лиля мен Колесников Иван шақырылды.

Шара барысында көктем, махаббат туралы лирикалық әндер қонақтардың орынауында шырқалды. Жастар үйінің тәрбиеленушілері әйелдер, аналар туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Қыздар сайыстар мен сауалнамаларға белсене қатысты. Кеш соңында дәстүрлі түрде қыздар мен әйелдерге мерекелік сыйлықтар сыйланды.

2017 жалдың 1 наурыз күні «Жас ұрпак» КМММ алғыс айту күніне орай «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара өтті.

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Ұлт ұлыска ортақ үй - Қазахстан» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараға қатысқандар облыстық маслихат депутаты, Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қауымдастығының төрағасы Паули Элина; жастар бастамалары орталығының  өкілі Ауешев Азамат; Қазақстан халқы Ассамблеясының «Нұр ана әлемі» ҚБ және музыкалық колледждің студенттері.

Облыстық арнайы кітапханада 2017 жылдың 1 наурыз күні  Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен» атты мерекелік концерті өткізілді. Концертте П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің студентері мен Павлодар қаласының №20-шы мектеп интернатының оқушылары қатысты. Халық әндері мен заманауи әндерді шырқады.

Алғыс айту күні  - ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, біздің ортақ тарихымызды қастерлейтін, өзара көмек және қолдау көрсету күні болғандықтан, мерекелік концерттің соңында облыстық арнайы кітапхана оқырмандары мен қонақтары  бір-біріне алғыстарын білдірді.

2017 жылдың 23 ақпанындаоблыстық арнайы кітапхана қабырғасында  «Ой Маслена – красота! Открывай-ка ворота!»  атты мерекелік іс-шарасын өткізді.  Мерекелік шараға Ақсу қаласының  «Криницы»  Украин вокалдық  ансамблі, «Союз казаков степного края» облыстық филиалының «Воля» казаки әндері халықтық ансамблі, «Славяне»  Павлодар облыстық  ұлттық-мәдени орталығының  «Лазари»  вокалдық тобы қатысып, «Масленица» халықтық мерекесін кеңінен атап өтті. Шара барысында «Славян» этно-мәдени бірлестігінің шығармашылық құрамы мереке қатысушыларын халықтық әзіл әндерімен қуантты.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 75 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр