- Подробности
- Автор: Администрация
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
3 ақпан күні сағат 10-00-де Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы ұжым арасында «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Президенттің жолдауынан жиналыс өткізді.
Президенттің жолдауын жыл сайын тыңдаймыз. Осы жылы 5 негізгі басымдығы талқыланды: экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыруы, бизнес ортаны жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту және де институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылдың 2 ақпан күні сағат 15.00-де облыстық арнайы кітапханасы «Муза» әдеби- музыкалық клубы аясында шығыстанушы, түріктанушы, мұражайтанушы, лингвист, археолог, фольклоршы, этнограф және академик Василий Васильевич Радловтың 180 жылдығына арналған «Шығыстанушы, түріктанушы» атты тарихи сағаты өтті.
Келген оқырмандарға кітапханашы –оқытып беруші белгілі ғалым Радлов туралы толық ақпарат беріп, оқиғаға толы өмірбаяның айтып берді.
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылдың 26 қантар күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Муза» поэзия клубының аясында зағип ақын Игорь Неустроевтың «Свеча в ночи» кітабының тұсау кесері өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылы облыстық сайысы өтті. Игорь Анатольевич «Поэзия» номинациясының лауреаты атанып, еңбегінің сыйақысы ретінде «Дом печати» баспасы кітабын жарыққа шығарды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылдың 19 қантар күні облыстық арнайы кітапханасы «Шабыт» клубының аясында Д.А.Қонаевтың 105 жылдығына арналған «Қазақтың бір туар ұлы Д.А.Қонаев» атты естелік кешін өткізді.
Ескерген — ескісін сақтайды,
Ел болған естісін мақтайды дегендей, іс шарамыз аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаевтың өмірбаянына, еңбек жолына, игі істері мен жетістіктеріне шолу жасалды. Мемлекет және қоғам қайраткері, қызметтес Сұлтан Жиенбаевтың «Қонаев жайлы естелік» және Д.Қонаев «Ұлтымыздың ұлы тұлғасы» туралы бейнебаян мен Нұрмұқасан тобының орындауында «Бақанас жердің байтағы» атты үн таспа тыңдалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылдың 12 қаңтар күні облыстық арнайы кітапханасында Рождество мерекесіне арналған «Рождествоны отбасымен қарсы алайық» атты мерекелік кеші өтті.
Мерекеге «Қоғамдық келісім» КММ «Облыстық поляк қоғамы «Полония» қоғамдық бірлестігі, К.Б.Даржұман атындағы ұлттық жанғырту мектебінің тәрбиеленушілері, «Союза казаков степного края» қоғамдық бірлестігі, «Поречье» ансамблі, «Болгар ұлттық-мәдени орталығы «Славяне» қоғамдық бірлестігі қатысып, сазды әуендерімен дүр сілкіндіріп, кешіміздің көңілді өтуіне үлкен үлес қосты.
Словения халықтарының салт-дәстүрлері көрсетілді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=560#sigProId7239383d42
- Подробности
- Автор: Администрация
28 желтоқсан күні «Домовёнок» клубының аясында жылсайынғы балаларға арналған дәстүрлі «Қысқы ертегіде қонақта» атты жаңа жылдық таңертеңгілік өтті. Мерекелік шараның басты кейіпкерлері ретінде өткізуге кітапханаға ХШО мен МСҚО «Шаңырақ» қызметкерлі қатысты.
Кітапханада безендірілген жаңа жылдық шырша маңында ертегі кейіпкерлері балаларды қарсы алды. Барлық балалар жақсы көңіл – күймен, дайындықпен келді. Біздің мерекелік шыршаға сиқыршы, фея, сұлтан, қоян, түлкі, көбелек, тағы басқа ертегі кейіпкерлері қонаққа келді. Жаңа жылғы шыршаға кклген балалар өз костюмдерін қорғап, өнерлерін көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтарын алды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2016 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 15:00-де арнайы кітапханада «Найди себя» жастар клубынының аясында «Жаңа жылдық жорамалдау» атты мерекелік карнавалы өтті.
Келген қонақтарға кітапханашылар көптеген жарыстар, көңілді ойындар және қызықты викториналар өткізді. Әр адам белсенді қатысқан үшін сыйлықтармен марапатталды.
Біздің дарынды оқырмандарымыз Колесников Иван, Кызынгашева Лилия, Нуриманова Сауле Жаңа жылға, қысқа, махаббатқа арналған әндерімен жастардың көңілдерін көтерді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, мәдениет саласындағы кітапхана қызметкерлерінің еңбектерін шынайы бағалап, Павлодар облысының әкімі Б.Бакауовтың атынан құрмет грамотасымен облыстық арнайы кітапхана басшысының орынбасары Л.С.Қуантаева және алғыс хатымен бас есепші Г.Ы.Сәрсебаева марапатталды.
Облыстық арнайы кітапханаға көп жыл бойы еңбек сіңірген зейнеткер Мазурина Н.Г. Ұлттық кітапхананың атынан «Кітапхана ісінің ардагері» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 32 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









