- Подробности
- Автор: Администрация
Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде 2009 жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Осы акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру.
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамынының Павлодар филиалы мен және Қазақстан халқының Коммунистік Партиясының Павлодар облысының өкілдерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 24 тамызында аталмыш акциясын дәстүрлі түрде өткізді. Акция аясында Қазақстан халқының Коммунистік Партиясының Павлодар облысының бірінші хатшысы Нугманова Гауhар Көкенқызының басшылығымен демеушілік көмек жасалып, зағип оқырмандардың отбасыларынан шыққан балаларға мектепке арналған құрал-жабдықтар сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапхана 2017 жылдың 17 тамыз күні «Вот так чудо огород – всем на загляднье!» атты алтын күз мерекесіне арналған іс-шараны өткізді. Мерекелік шара барысында жұмбақтар, қызықты сұрақтар мен «Өте дәмді» атты салаттар сайысы өткізілді. Кітапхана оқырмандары күз туралы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Шараға жиналған көпшілік арасынан әділқазылар алқасы сайланып «Өте дәмді» салаттар сайысына қатысқан оқырмандарға дипломдар табысталды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=536#sigProId42945f4fae
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханасы 2017 жылдың 10-шы шілде күні «Шабыт» клубы аясында «Қазақ өнерінің шеберлері» атты эстетика сағатын өткізді. Өнер – халық тарихының шежіресі. Эстетика сағатында қазақтың өнерінің шеберлері және мерейтой иелері Р.Бағланов, К.Байсеитова, Ш.Жиенқұлова, А.Әшімов пен Ғ.Жұбанова туралы әңгімеленді. Осы іс-шараға Н.Г.Шафер мұражайының қызметкері оқырмандар назарына өнер тұлғалары туралы деректі материалдар ұсынды. «Қазақ өнерінің шеберлері» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
22 маусымда мүгедектермен жұмыс жасайтын қалалық клубында «Мұрағат ісінің үздігі». Бұл іс-шара өлкетанушы В.Д. Болтинаның 70- жыл толуына арналған. В.Д.Болтина тарихшы-архивист, Павлодар облысының өңіріне көп үлес қосқан адам, Павлодар облысының тарихына арналған бірнеше мақалалардың авторы. Оқырмандар бар өмірің ғылыми-зерттеу жұмысына арналған В.Д.Болтинаның дара жолы тұралы мағлұматтар алды. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. В.Д.Болтинаның кітабы «Немыслима жизнь без архива» оқырмандар арасында қызығушылық тапты. Павлодар өңірі туралы видеоролик көрсетілді. Кеште туған өлке және Павлодар қаласы туралы өлеңдер айтылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Биыл жыл кітабы болып Сұлтанмахмұт Торайғырұлының шығармашылығы таңдалды. Іс шараға «Бір ел –бір кітап» акциясының кітап көрмесі дайындалды. Оқырмандарға акцияға таңдалған әр жылдың кітабы туралы мағлұмат берілді.
Халық әртісі Мақпал Жүнісованың орандауындағы әннің сүйемелдеуімен «Халық ақыны» Фариза Онғарсынованың естеліктерінен бейнебаян тыңдалды. Іс-шара барысында кітапхананың белсенді оқырманы Кызынғашева Лиля ән айтты, ол Абайдың әндерін баянда орындады. Біздің жүргізушілеріміз осы акцияның тарихы мен мақсаты туралы айтты және 2007-2017 жылдар бойы таңдалған жылдың кітабын атап мазмұнын ашты. Оқырмандарды 2017 жылы таңдалған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармашылығымен таныстырдық. Ақынның шығармаларынан үзінділер оқылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапхана 2017 жылдың 31 мамыр күні Павлодар каласының мүгедектермен жұмыс жасау клубында, репрессияның құрбаны болған жандарды «Жазықсыз жапа шеккендер» атты еске алу сағатын «Шабыт» ұлттық клубының аясында өткізді. Зобалан жылдары ауыр тауқыметті бастан кешкен жандардың темір тордағы тағдыры жайлы арнайы бейнекөріністер көрсетіліп, үнсіздікпен еске алынды. 1937 жылдары кеңестік керітартпа идеялогиясының қарамағында тағдыры тәлкекке түскен айтулы алаш азаматтарының өлең-жырлары оқылып, көпшіліктің көңілінен шыға білді. Сонымен қатар Алаш азаматтарының туындыларын кітап көрмесіне қойып, көпшілікпен таныстырды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапхана 2017 жылдың 29 мамыр күні Павлодар каласының мүгедектермен жұмыс жасау клубында «Қандай керемет жаз!» атты балалар таңертеңгілігін ұйымдастырып, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізді. Осы күні 37 баланы Облыстық Қазақ соқырлар қоғамының төрағасы А.О.Бердиев құттықтады. Кішкентай оқырмандарға «Балауса бағым, шаттықпең, қуаныш ордасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде сыйластыққа, қарапайымдылыққа, жақсылыққа және шыдамдылыққа үйрететін балалардың сүйікті ертегілері ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
25 мамыр күні областық арнайы кітапханасы мүгедектермен жұмыс жасау клубында «Алаш партиясына- 100 жыл» атты ақпараттық – танымдық сағаты өткізілді. Іс шара барысында Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100-жыл толуына байланысты мазмұнды ақпарат берілді. Осы іс-шараға аталған тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









