- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында кітапхана қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша жыл сайынғы ақпараттық нұсқаулық өткізілді.
Ақпараттық нұсқаулықты Павлодар қаласының ӨҚКК инженері, азаматтық қорғаныс лейтенанты Н.Қ.Мұқат жүргізді. Кітапхана қызметкерлері мекемеде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әңгімелесіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін қайталады.
Іс-шара соңында барлық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жадынамасы мен мен төтенше жағдайларға жауапты мекеме телефондары таратылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2018 жылғы 19 қаңтар күні облыстық арнайы кітапхана Бұхар Жырау атындағы музейімен бірлесе көзмүгедегі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Садық Кәрімбаевтың 100 жылдығына арналған еске алу кешін өткізді. Кеш барысында өмірбаянына тоқталып, құжаттарының түпнұсқасының суреттерін көрсетті. Кітапхананың белсенді оқырмандары, «Сәулем-ай» ансамблінің мүшелері композитордың әндерін шырқап, кештін сәнін келтірді.
- Подробности
- Автор: Администрация
2018 жылдың 17 қаңтар күні кітапханада Рождество мерекесіне арналған «Рождественский калейдоскоп» атты мерекелік кеші өтті. Мерекеге К.Б.Даржұман атындағы ұлттық жанғырту мектебінің армян бөлімінің тәрбиеленушілері және Павлодарское религиозное объединение христиан Евангельской веры «Церковь Иисуса Христа» қатысып, сазды әуендерімен дүр сілкіндіріп, кешіміздің көңілді өтуіне үлкен үлес қосты. Словения халықтарының салт-дәстүрлері көрсетілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханасы үшін 2018 жыл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесін талқылаудан басталды.
Жолдауды жеткізу мақсатында 11 қаңтар күні кітапхана қызметкерлері арасында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дауыстап оқу барысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы мәлімдемесіне тоқталып түсіндірілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханасы үшін 2017 жыл табысты аяқталды. Кітапхана қызметкерлерінің еңбектері абыроймен бағаланып, алғыс хаттарымен марапатталды.
ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен мәдениет қызметкерлерінің кәсіподағынан - Нургалиева А. Ж.
Павлодар облыстық Мәслихатынан - Артамонова Л. М.
- Подробности
- Автор: Администрация
Арнайы кітапханамызға көптен күткен Жаңа жыл нағыз Аяз атамен және Ақшақармен, өздерінің көңілді ойындарымен және арнайы сыйлықтарымен келді.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша кітапханамыздың ең кішкентай мүшелері көзі нашар көретін балалар және көзі көрмейтін оқырмандардың балаларынан құралған «Домовенок» клубы өз өнерлерін көрсетті.
- Подробности
- Автор: Администрация
21 желтоқсанда Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Найди себя» жастар клубының аясында «Жаңа жылдық калейдоскоп» атты жастар дискотекасын өткізді.
Жаңа жылға арналған ойындар, әзілдер, сайыстар мен викториналар болды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылғы 20 желтоқсан күні №24 ЖОБМ оқушылары үшін кітапхана «Алаш» ұлттық үкіметі мен партиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді. Кітапхана қызметкері оқушыларға «Алаш» партиясы көшбасшыларының тәуелсіз мемлекет құру жолындағы рөлі туралы айтып берді. Іс-шара барысында «Азаттықты ансаған Алаш азаматтары» мен «Сөнбесін от алауы» бейнебаяны көрсетіліп, «Алаш автономиясының Үкіметіне -100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 246 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









