- Подробности
- Автор: Администрация
18 мамыр күні сағат 15:00 Мүгедектермен жұмыс жасау клубында қазақтың ақыны М.Шахановтың 75-жылдығына арналған «Рухани-адамгершілік құндылықтар» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шара барысында М.Шахановтың өмірімен және шығармашылығы туралы айтылды. Аталған іс-шараға ақынның шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
Ер азат, еңбек, ерлік, ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.
2017 жылдың 11 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхана Қазақ соқырлар қоғамының асханасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!» атты тақырыптық кешін №24 ЖОБ мектебімен бірлесіп өткізді. Қонақта ауған соғысының және кеңес әскерінің ардагерлері болды. Әнші Марат Максилов пен оқушылар әскери әндер орындап, кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
ҰОС қаза тапқан ардагерлерді «майдандық 100 граммен» еске алып, қонақтарға әскери ботқа ұсынылды.
«Қызыл ай» қоғамдық қоры мен Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшелері ардагерлерге мерекелік дастархан жайып, сый-сияпат жасады.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=544#sigProId1d66c2bd0a
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылдың 5 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхана «Жас қанат» жасөспірімдер үйімен бірлесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жылдығына арналған «Әскери өмірден бір күн» атты іс-шарасын өткізді. Қонақта Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері аға лейтенант Кожахметов Т.М. пен Павлодар қаласы облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернат тәрбиеленушілері. Кеште әскери әндер орындалып, кеш қонақтары өз әскери қызметтері туралы айтты.
- Подробности
- Автор: Администрация
27-ші сәуір күні «Ардагерлер Үйі» Павлодар облыстық мүгедектерді әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығында облыстық арнайы кітапхана «Қ.И. Сәтбаевтың мұражайына – 50 жыл» толуына арналған тарихи сағатын өткізді. Іс-шарада осы мерейтойға байланысты академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірі, қызметі және ғалымға арналған мемориалдық мұражайы туралы айтылды. Тындаушылардың назарына кітап көрмесі ұсынылды, оның ішінде М.Сәрсекеевтың «К.И.Сатпаев» және О.Қожановтың «Өмір жолдардан басталады» кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленді.
- Подробности
- Автор: Администрация
15, 22 сәуір күндері Облыстық арнайы кітапхана таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке қатысып, өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін ақтады. Кітапхана қызметкерлері «екі қолға бір күрек» алып өз жерімізді өзіміз ретке келтіруіміз қажет деп, ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты.
Мамыр мерекелеріне орай қаламызды гүлдендіріп, еңбекке деген сүйіспеншіліктері артып, "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, ұжым қызу жұмыс жүргізді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханасында жұма сайын «Жұма жаңалықтары» ақпарат сағаттары өткізіледі.
Осы жұмада, яғни 21 сәуір күнгі ақпарат сағаты Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналды.
Ақпарат сағатының қатысушыларын мақаламен таныстырып, мақаланың бөлімдерімен түсіндіру жұмыстарын өткіздік:
- Подробности
- Автор: Администрация
20 сәуірде облыстық арнайы кітапханасы П.Васильев мұражайымен бірлесіп С.П.Шевченконың 90 жылдығына арналған «Жазушы, журналист, өлкетанушы» Еске алу кешін өткізді. Кітапхана оқырмандары, көз мүгедектері С.П.Шевченконың шығармашылық мұрасымен танысты.
Сергей Шевченконың өмір кезеңдері П.Васильевтың мұражайымен тығыз байланысты. Павел Васильевке арналған «Будет Вам помилование люди» повесін жазды. Ол 15-кітаптың авторы, кинодерекші, публицист,«Павел Васильев. Избранное» кітабының құрастырушысы болып табылады.
Оқырмандардың назарына ақын Павел Васильев туралы бейнероликтер ұсынылды.Сергей Шевченконың рухына өлеңдер арналды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2017 жылдың 7-ші сәуір күні облыстық арнайы кітапханада Бүкілдүниежүзілік денсаулық күніне арналған оқырмандар мен кітапхана қызметкерлер үшін «Твори свое здоровье сам» іс шарасы өткізілді. Іс-шараның ақпараттық бөлшегі ретінде «Азбука здоровья» иллюстративтік-кітап көрмесі ұсынылды. Денсаулық күні «Дені саудың – жаны сау» сергіту сәтімен басталды. Оқырмандарға арналған құттықтау сөзі музыка және бейнебаяндармен жалғастырылды. Іс-шараға кітапхана оқырмандары арасынан тоғызкұмалақ, шахмат, дойбы, жүзу және шаңғы спорт түрінен спорт шеберлері қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








