- Подробности
- Автор: Администрация
Жаңа жыл ... Айнала ақ мамық қарға жамылған, шыршаның иісі, түрлі-түсті ойыншықтар мен жаңа жылдық сыйлықтарға толы балаларға арналған ең сүйікті мерекелердің бірі.
23 желтоқсанда облыстық арнайы кітапханада «Домовенок» клубының аясында «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени–сауық қызметі орталығының қатысуымен «Қыс ертегісі» атты жыл сайынғы жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
- Подробности
- Автор: Администрация
Арнайы кітапхананың коворкинг орталығында Павел Васильев музейімен бірлесе ұлы ақын, жерлесіміз Павел Васильевтің 110 жылдығына арналған «Песня моя, не грусти подожди» атты поэзия кеші өтті.
Павел Васильев мұражайының қызметкері Татьяна Сергеевна Корешкова кітапхана оқырмандарына көптеген ұрпақтардың жүрегін жаулап алған көрнекті адам туралы айттып оның ақынның жарық сәуле шашқан өлеңдерімен таныстырды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі.
Күн астында көк төбелер түледі —
Менің елім, менің елім — гүл елі!
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапхананың ұйымдастыруымен 24-ші мектептің оқушыларына арнап, Ф.Оңғарсынованың 80-жылдығына орай «Фариза» есімді жұлдыз» поэзиялық кеші өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Тұңғыш Президент күніне орай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада жыл сайынғы «Брайль бойынша оқимыз және жазамыз» сайысын өткізу дәстүрге айналды.
Өткен жылы диктант жазып, сауаттылықты тексеріп, жазудың жылдамдығын ескерсек, биылғы жылы оқу техникасын меңгеру қабілеттеріне баса назар аударылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ақ таяқ күніне арналған 13 қараша күні тұңғыш рет көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Қараңғылықтың табалдырығынан аттау» әлеуметтік акциясы өтті. ПМПУ және Б. Ахметов атындығы ППК студенттеріне, сондай - ақ барлық тілек білдірушілерге ерекше экспериментке қатысу-зағип адаммен орын ауыстыру ұсынылды. Қонақтар шын мәнінде қызықты сәттерді бастан өткізді, «бөлме-сынақ» ойын-экспериментіне, «Арқан жолы» көзімен байланған ойында және «тифлокомментаримен фильмді тап» викторинасына қатысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханада Жүсіпбек Аймауытовтың 130-жас мерейтойына арналған «Көпжанрлы жазушы» атты кеш портреті ретінде атап өтілді.
Бүгінгі кеште Жүсіпбек Аймауытов жөніде өмірі мен шығармашылығы жайлы, отбасының қыры-сыры айтылып, ұрпағы жайлы әңгімеленіп, бұрын соңды естілмеген ақпарат жайлы бейнебаян көрсетілді. Кеш қонағы ретінде Бұқар Жырау музейінің әдебиет бөлімінің басшысы Е.М.Қайыров қатысып, Жүсіпбек Аймауытов жайлы мәліметтермен бөлісті. Аталған тақырыпта Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылығының жинағыннан кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 124 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









