+7 (7182) 65-01-29

Өз-өзіммен өртеніп барамын жанып,

Жүректен жас ағады тарамдалып.

Менде жоқ қой бұл күнде, тым болмаса,

Ақтарылар алдыңда саған барып.

Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараңқалып.

Подробнее...  

Бүгінгі таңда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы жер-жерлерде ел болып аталып өткізіліп отыр, біздің де кітапхана мерейтойды өткізуде ат салысуда. «Ұлы тұлға, өмірі мен шығармашылығы» атты әдеби сағаты ретінде өткізіп, текеметпен көркемделген кітапхана төріндегі кітап көрмесін ұсынуда. Айтулы іс-шараға кітапханамыздың өнер сүйер қауымы, оқырмандары мен №25 мектеп оқушылары қатысып отыр. Сондай-ақ, Абай атамызды насихаттаушы, Абайтанушы Әсенов Даниал да келді.

Подробнее...  

Кітапханада Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне арналған ақпарат сағаты өтті.

Іс-шара қатысушылары - 25 мектеп оқушылары.

Көшбасшылық жолындағы ерекше жетістіктер, елбасының өмірбаянынан қызықты фактілер, еңбек қызметінің сипаттамалары қарастырылды.

Тыңдаушылар назарына Нұрсұлтан Әбішұлы жайында түсірілген ақпараттық бейнебаян ұсынылды.

Подробнее...  

22-ші қаңтар күні Облыстық арнайы кітапханада Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80-жылдығына орай, «Тәуелсіз Қазақстан: қазіргі заман тарихы мен сабағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені тамашалауға Павлодар қаласының №25-ші жалпы білім беру мектеп оқушылары қатысты. Тұңғыш президенттің өмірінен және еңбек жолындағы тарихынан қызықты да, ауқымды мәлімет айтылды. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың нақыл сөздер жинағын оқырман қауымға насихаттау жүргізілді. Кітап көрмесіндегі 7 кітапқа ерекше тоқталып, шолу жасалып, афоризімдері оқылды. Оқушылар өз тарапынан елбасы туралы ақпараттарымен бөлісіп, тәуелсіздік жолындағы үлгі тұтар игі істерін айтып өтті. «Елбасы жолы» бейнебаян көрсетіліп, сұрақ–жауап арқылы ойымыз түйінделді.

 

Облыстық арнайы кітапханада «Нағыз қазақ-қазақ емес, нағыз қазақ-Домбыра!» атты Қадыр Мырза Әлидің-85 жасына арналған музыкалық әдеби кеш өтті. 24-ші жалпы орта мектептің жас домбырашылары жетекшісі Б.Сатиевтің бастауымен, кешіміз домбыраның үнімен ашылды.

Ақынның өмір тарихы және шығармаларымен танысып, жеке мұрағатынан суреттері мен бейнебаян көрсетілді. Жазушының өлең, поэмаларынан және афоризимдерінен үзінді оқылды.

Подробнее...  

Арнайы кітапханада 8 қаңтар күні алғашқы болып Рождествоға арналған «Мерекелік тілек пен үміт» мерекелік шарасы өтті. Мерекеге «Облыстық поляк қоғамы «Полония», «Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі», Сібір казактары Одағының, «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері  және «Радуга» ансамблі сазды әуендерімен дүр сілкіндіріп, кешіміздің көңілді өтуіне үлкен үлес қосты. Әр халық салт-дәстүрлері туралы әңгімеледі.

Подробнее...  

25 желтоқсанда облыстық арнайы кітапханада «Найди себя» клубының мүшелері үшін Жаңа жылдық карнавал өтті.

Шараға Аяз ата, Ақшақар қатысып, Экстрасенс –өзінің сиқырлы шамының көмегімен келесі жылға арналған оқиғаларды болжады.

Подробнее...  

24 желтоқсанда облыстық арнайы кітапхана «MelaNika» әйелдер киім дүкенімен бірге «Домовенок» клубының аясында ерекше балаларға арналған «Жаңа жылдық оқиғалар» атты жаңа жылдық қайырымдылық ертеңгілігін өткізді.

Мерекенің басынан бастап ертегі кейіпкерлері балаларды ертегінің сиқырлы әлеміне баулыды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 117 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр