+7 (7182) 65-01-29

15 тамыз күні облыстық арнайы кітапханадазағип ақын, Қазақ Соқырлар Қоғамының құрметті мүшесі, кітапхананың белсенді оқырманы Ольга Петровна Григорьевнаның 70-жылдық  мерейтойы  өткізілді.

Мерейтой кешін Павлодар Филармониясының камералық хорының әртісі Әсем Даутова «Туған күн» әнімен ашты. Ақынды  құттықтауға, қуанышымен бөлісуге достары, оқушылары, кітапхана оқырмандары және әріптестер келді.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 1 тамыз күні «Кел, қазақша сөйлесейік» оқыту курсы бойынша сертификаттар табыстылталды.

28 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхананың «Коворкинг» орталығында зағип жандарға арналған «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» оқыту курсы ашылды. Осы курстың ұстазы «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» оқу-әдістемелік материалдар мен электронды оқулықтардың авторы және құрастырушысы Ш.Д.Кинжикова. Оқыту курсы «Брайль» жүйесімен терілген және электрондық түрде арнайы оқу құралымен жабдықталған.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 14 тамызда  Ел басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып, арнайы кітапхананың оқырмандарымен кездесуі өтті. Кездесуге жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар Павлодар қаласының бөлімшесі, «Көмек-пв» қоғамдық бірлестігі мен Қазақ Соқырлар Қоғамы өкілдері қатысты.

Подробнее...  

8-тамызда кітапхананың ковркинг орталығында аса көрнекті әрі ақын, әрі батыр тұлғасы Махамбет Өтемісұлының 215 жылға толуына орай «Әйгілі ақын, ақын батыр Махамбет Өтемісұлы» атты тарихи сағат өткізілді.

Махамбет Өтемісұлы – жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 3 тамызда арнайы кітапханада "Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым" этнофестивалі аясындағы ғылыми-практикалық конференциясының қатысушыларына арналған экскурсия өткізілді.

Подробнее...  

Ағымдағы жылдың 11 шілде күні облыстық арнайы кітапханада зағип музыкант, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері С.О.Садықовтың 75-жылдығына арналған «Сүйікті әуендерді еске алайық» атты еске алу кеші өтті. Кешке С.Садықов зағип әйелдерден құрған вокалдық ансамблі «Сәулем-ай» қатысып, Серік Олжабайұлының «Сәулем-ай», «Ай келбет, Павлодарым!», «Ел мерекесі» және «Асылым-ай» атты сүйікті әндерін орындады. «Сәулем-ай» ансамблінің мүшелері: Г.Адамжанова,  М.Амирова және Ж.Садыкова өз естеліктерімен бөлісті.

Подробнее...  

4 –ші  шілдеде «Бір ел – Бір кітап» республикалық акциясының шеңберінде №26 ОМ оқушыларына Шәкәрім Құдайбердіұлының «Кәрілік туралы» өлеңінің дауыстап оқулары және кітап көрмесінен шолу өткізілді.  

Шараның 2-бөлімінде кітапхана бойынша экскурсия өткізілді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың патриоттық және адамгершілік тәрбиесін және білім беру мәдениетін қолдау мен дамытуға ықпал етеді. Іс-шара барысында кітапханашы «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихымен таныстырды және Н. Келімбетов пен Б. Момышұлының шығармаларынан  үзінді оқыды.

Подробнее...  

2018 жылдың 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалық жүйесімен бірлесіп көзі нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапхана Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Зағип және көру қабілеті нашар азаматтардың зияткерлік даму мен қоғамды рухани жаңғыртуға арнайы кітапханалардың салымы» атты ғылыми-практикалық конфкеренциясын өткізді.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 11 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр