+7 (7182) 65-01-29

21 ақпанда Жастар орталығының еріктілеріне арнайы кітапхана «Саусақ ұшымен оқу тарихы» мастер-классын өткізді.

Зағиптарға арналған жазу тарихы туралы және бүкіл әлемдегі зағиптардың Брайль жүйесімен қалай оқып, жазатыны туралы айтылды.

Подробнее...  

21 ақпан күні арнайы кітапханада Луи Брайльдің 210жылдығына арналған (Казань қ.) Татарстан Республикалық арнайы кітапханасымен «Ұлы Луи» Халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

Татарстаннан Республикалық сайыстың женімпаздары - көз мүгедек ақындар А.Пижонков және М.Платонова өздерінің өлеңдерін оқыды.

Подробнее...  

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына орай 20 ақпанда облыстық арнайы кітапханада ауған соғысы ардагерлерімен «Ауғанның жалынды жолдары» атты кездесу өтті. Кездесу кешінің қонақтары ретінде ауған соғысының ардагерлері: К.Амиров, А.Бердиев, Ю.Оганесян, М.Супахунов қатысты.

Ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, оқырмандар мен оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жастардың патриоттық сезімдерін оятуда ардагерлердің ерліктері әсер етті. Амиров Кенжебайдың орындауындағы ән баршаның жүректерін елжіретті.

Подробнее...  

15 ақпан күні арнайы кітапханада «Біз тұратын өлке» - Край, в котором мы живем» - рельефтік- графикалық форматта Павлодар облысының қасиетті жерлеріне жол көрсеткіштің тұсау кесері өткізілді.

Бұл көз мүгедектеріне арналған суреттермен көркемделген және Брайльдің нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған нұсқа. Түсіндірме жалпақ басылым түрінде, орысша және қазақша, сонымен қатар аудиоқосымша нұсқасымен берілген.

Подробнее...  

13 ақпан күні облыстық арнайы кітапханада «Сарыарқа самалына-90 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхананың қорынан жинақталған бірнеше кітаптар мен 1994 жылғы 15 ақпанда шығарылған №18 (12208) нөмірін дайындаған Төлеубек Қоңыровтың «Сарыарқа самалы» газеті мен жаңа басылымдар көрмеге қойылды.

Шарамыздың басты қонағы ретінде «Сарыарқа самалы» газетінің ардагері Социал Әйтенұлы; Басшы орынбасары Мұрат Қапанұлы Аяғанов; Бөлім басшысы Сая Молдайыпқызы Мұсабаева қатысып, зағип оқырмандармен  сұхбаттасып, Сарыарқа самалы газетінің тарихы мен Қоңыр Төлеубек  ағамыздың өмірбаянына шолу жасалды. Шара шашумен ашылып, жақсы лебіздерін білдіре тілекпен аяқталды.

Нұр Отан партиясының 20-жылдығына орай, кітапханада  «Нұр Отан – қазақстандықтардың сенімін ақтаған партия» атты ақпарат күні өткізілді. Павлодар қаласы  Нұр Отан партиясы филиалы төрағасының  1-ші орынбасары Жакубалдина Асима Балтабековна қонақ ретінде  шараға қатысты.

Оқырмандарға деректі фильмдер ұсынылды және партияның құрылу тарихы  жайлы әңгімеленді.

Подробнее...  

31 қантар күні кітапханада «Ақпараттық қиылыс» өткізілді. Оқырман алдында 2018 жылдың жұмысына есеп беріп және жоспарларымызбен бөлістік.

«Жылдың ең жақсы оқитын отбасы», «Жылдың үздік оқырманы», «Белсенді оқырман», «Жанкүйер, шапшаң оқырман» номинациялары бойынша оқырмандарды марапаттадық.

Подробнее...  

Рождество мерекесіне арналған «Рождественские посиделки» атты мерекелік іс шараға «Позитив» ансамблі мен «Вдохновение» клубы қатысты. Үй иесі – Солоха қонақжайлылық білдіріп, іс шара қонақтарын жайлап қарсы алды. Ансамбль мерекелік іс-шараны көңілді әндерімен сәндетті. «Вдохновение» клубының өкілдері өз дәстүрлері туралы сөз қозғап өз шығармашылықтарынан өлең оқыды. Мерекеге қатысқан сығандар қатысушылардың алақанына қарап бал ашты. Отырыс оқырмандардың жылы лебіздерімен аяқталды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 55 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр