+7 (7182) 65-01-29

Жыл сайын дәстүр бойынша көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Домовенок» клубының аясында мүмкіндігі шектеулі және көз мүгедегі балаларына балаларды қорғау күніне орай «Детство – это мы!» атты ертеңгілік ұйымдастырды.

Ертеңгілік әсем безендірілген залда театрлық қойылыммен өткізілді. Сахналық қойылымда балалар Алдар Көсе мен Байды, Маша мен Аюды және суретшіні көре алды.

Ертегі кейіпкерлері балалармен ойындар өткізді. Сондай-ақ, балалар дәстүр бойынша асфальтта суреттер салды. Балаларды жаздың шуақты күнімен құттықтап келген ЖМ «ANASTASSIYA TEAM» халықаралық QNet компанияның мүшесі және облыстық КОС филиалының төрағасы Адамжанова Г. сөз сөйледі.

Подробнее...  

28 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхананың «Коворкинг» орталығында зағип жандарға арналған  «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» оқыту курсының ашылу рәсімі өтті. Осы курстың ұстазы «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» оқу-әдістемелік материалдар мен электронды оқулықтардың авторы және құрастырушысы Ш.Д. Кинжикова.  Оқыту курсы  «Брайль» жүйесімен терілген және электрондық түрде арнайы оқу құралымен жабдықталған.

Подробнее...  

Облыс әкімі Болат Бақауов заман талабына сай барлық кітапханаларда, мәдениет ошақтарында  «Коуоркинг» орталықтарын ашу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын.

25 мамыр күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада «Коуоркинг» орталығы ашылды.

Республиканың арнайы кітапханалары арасында алғашқы болып Павлодар облыстық арнайы кітапханасы «Коуоркинг» орталығын ашты.

Подробнее...  

Мәдениет қызметкерлері күні, облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері Акошева Мағжан және Дашкенова Айсұлуға облыстық мәдениет басқармасынаң және облыстық мәдениет  қызметкерлерінің кәсіподағының атынан алғыс хаттарымен марапатталды. Құттықтаймыз! Біз Сіздер үшін қуаныштымыз!

Подробнее...  

Биыл аты аңызға айналған партизан, көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі партизан тақырыбының негізін қалаушы «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтің туғанына 100-жыл.

Осыған орай 23 мамыр күні  Облыстық арнайы кітапханада «Шабыт» клубы аясында «Халық каhарманы-Қасым Қайсенов» атты  тарихи сағаты өткізілді. Қасым Қайсеновтың қаһармандық бейнесі және Ұлт батырының шығармалары – қазақстандықтардың ұлттық рухын көтеретін құнды тарихи мұра.

Қасым Қайсенов кітаптарының кейіпкерлері қиын-қыстау сәттерде ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен жандар. Ол туралы тақырыптық кітап көрмесі мен бейнежазбалар арқылы әңгімеленді.

Аравин Петр Васильевич – қазақ музыкасын танушы, зерттеуші, профессор, белгілі педагог, Қазақ ССР-нің мәдениет қайраткері.
16 сәуірде облыстық арнайы кітапхананың музыкалық салонында П.Аравиннің өмірі мен шығармашылық жолына саяхат жасалды.
Шафер мұражай-үйі директоры Корешкова Т.С. оқырмандарға қазақ музыкасының шыңында жарқын жарық қалдырған ұлы музыка зерттеушісінің жұмысы туралы қызықты және мәнді де сәнді ақпарат берді.
Н.Шафердың «День Брусиловского» атты  кітабы мен «Вечерний вальс» шығармашылығынан музыкалық сый тарту етілді.

Оқу жылы аяқталмас бұрын №41 мектеп  ұстазы Б.З.Ауғалиева мен кітапханашы С.М.Жүнісова  арнайы кітапхананың тамаша бір ерекшелігіне 15 мамыр күні экскурсия жасуды жөн көрді. Арнайы кітапхананың көз мүгедектеріне арналған арнайы құралдары мен Брайльша жазылған әдебиеттері оқушылардың қызығушылығын арттырып, кітапхананың заманауи талаптарға сай алға дамуына көз жеткізді.

Он жыл бойы 9 мамыр Жеңіс күні ең әсерлі, эмоционалдық мереке және даңқты күні болып қалады. Онымен ешқандай да басқа мерекелерді салыстыруға болмайды.

9 мамыр Ұлы Жеңістің 73-жылдығына орай, облыстық арнайы кітапханасы №24 орта мектебімен бірлесе «О войне расскажут ордена» атты тақырыбымен патриоттық сағат өткізді.

Бұл іс шараға  Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысына қатысушылар, сондай-ақ тыл қызметкерлері шақырылды.Соғыс жылдарындағы әндер тыңдалды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр