+7 (7182) 65-01-29

Облыстық арнайы кітапхана Астананың 20 жылдығына, Павлодар облысының 80 жылдығына арналған «ЗАҒИПТАР ӘЛЕМІНЕ КӨЗ САЛАЙЫҚ»  атты акциясын, көз мүгедектерінің қатысуымен2018жылдың 22 маусым күні Гагарин паркіндеөткізді.БАҒДАРЛАМАДА:мүгедек әйелдер ансамблі «САУЛЕМ-АЙ» және «РАДУГА» ансамблі  (жетекшісі Т.У.Армиянов), Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп – интернатының тәрбиеленушісі Төлеубек Қазбек, № 82  көз жанары нашар балаларға арналған балабақшатәрбиеленушілері, зағип ақындар: Ақтоғай ауданынан Бейсенбі Мұқажан, Павлодар ауданынан  Евлантьева Надия Хакимовна, Аккузинова Бақжамал, Уали Ерсұлтан,  Косович Валентина,жеке  сольдік нөмірлерімен Сонова Баян (Ақсу қаласы), Бағдатова Ақлима және Кызынгашева Лилия қатысты.

Подробнее...  

2018 жылы қазақтың атақты әншісі, актер, әрі музыканты Әміре Қашаубаевтың туғанына 130-жыл толады. Осыған орай, облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада Бұхар Жырау атындағы мұражайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша және «Шабыт» клубы аясында қазақ халқының дүлдүл әншісі Әміре  Қашаубаевтың мерейтойына арналған «Парижды тамсандырған» атты эстетикалық сағатын өткізді.

Мұражай қызметкерлері Әміре Қашаубаевтың репертуарынан «Балқадиша», «Дударай» әндерін ұсынды және әншінің өнерімен, шығармашылығымен оқырмандарды таныстырды.

12 жылдық тарихы бар  республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясының  2018 жылы  өзіндік ерекшелігі бар. Жалпы қазақстандық оқуға әр жылда бір ғана шығарма таңдалса, биыл  үш бірдей  шығарма таңдалған екен. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя».

Ерекшелігіне қарай облыстық арнайы кітапханасы «Covorking» орталығында  орыс тілінде, оқу залында қазақ тілінде және де балаларға қызықты болатындай  экскурсия ретінде акцияны блок –блок бойынша топтастырып өткізді.

Подробнее...  

Облыстық арнайы кітапхананың «Коворкинг» орталығы өз жұмысын  «Келіңіздер, қазақша сөйлесейік!» оқыту курсымен жалғастыруда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында №24 ЖОБМ-нің оқушылары «Кутузов» көшесіне байланысты зерттеу жұмысын жүргізу барысында, облыстық арнайы кітапхана қорындағы Э.Д.Соколкин, М.С.Тереник және Ю.Д.Поминовтың жазған еңбектерінен  кітапхана тарапынан ауқымды ақпарат берілді.

4-ші маусым күні 2018 ж. Облыстық арнайы кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай №24 мектеп оқушыларына «Тарихтан туындаған рәміздер» тақырыбында кітап көрмесінен шолу жасалды. Іс шарамыз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.

Кітапхана қызметкері Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын және авторлары жайында мәлімет беріп қана қоймай, кітапхана бойынша экскурсия өткізді.

Подробнее...  

1 маусымда көптеген елдер Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл балалар үшін ең қуанышты және сүйікті мерекелердің бірі.

Осындай мерекелік күнде Облыстық арнайы кітапхана №121 бала-бақшада  «Көңілді бала күлкісі!» атты өте қызықты шараны өткізді.   

Кітапханашылар «Бейбітшілік Аспаны» мен «Алтын Күн» кейіпкерлері ретінде  балаларға келіп,  мерекенің тарихы туралы әңгімелеп, мерекемен құттықтап, танымды және қызықты жазды өткізуге тілек білдірді.

Подробнее...  

31 мамыр – ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Сондықтан 31-ші мамыр күні  арнайы кітапхананың «Коворкинг» орталығында қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу мақсатында «Бұл ұмытылмайды!» атты естелік  сағаты  өткізілді. 1-минут үнсіздікпен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын және ашаршылықта болған жандарды еске алдық.

Саяси  қуғын-сүргін  мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен  көз жасына суарылған тарихтың  шерлі беттерінің бірі болып қала бермек. Қазақ халқының көрнекті перзенттері – Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 43 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр