+7 (7182) 65-01-29

4 мамыр күні «Жас қанат» жасөспірімдер үйінде тәрбиеленушілерге арналған   «Біз Елдің әскеріміз. Біз халықтың әскеріміз!» атты Ерлік сабағы  өтті. Жасөспірімдер  мерекенің тарихымен танысып, Қазақстанның қарулы күштері жайлы маңызды фактілері жайлы білді. Қорғаныс істер жөніндегі басқарма бастығының орынбасары  Қожахметов Т. М.  армияның жедел қызыметі жайлы мәлімет берді. «Жас қанат» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Э.Шолохов пен И. Агеев армияда болаған кезеңдерін баяндап берді.

Музыкалық колледждің және«Жас ұрпақ»   жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері музыкалық өнерлерін көрсетті. Облыстық арнайы кітапханасының қызметкерлері «Елдің әскері.Халықтың әскері» атты  кітап көрмесін ұйымдастырып,  көрмеге қызықты материялдар мен ел тыныштығын сақтайтын Қазақстан Қарулы күштері жайлы кітаптар қойылды. Іс шара өте ауқымды өтті.

2018 жылдың 25 сәуір күні облыстық арнайы кітапханада «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды төртінші онлайн ойын өтті. Павлодар және Семей қалаларының арнайы кітапханаларының білгірлері ойнады.

Мұнда әрдайым ерекше көңіл-күй, жақсыойын, достық жарыс бар.

Ойын екі айналымда өтті, сондай-ақ онлайн-трансляция өткізілді.

Подробнее...  

Мүгедектермен жұмыс жасау тәжірибесін тарату мақсатында Павлодар облыстық арнайы кітапханасында, Павлодар облысының кітапханалық пунктілеріндегі мүгедектермен жұмыс жасау кітапханшылары үшін, «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында жоспарлау, есеп беру және құжаттармен жұмыс жасау» тақырыбында тәжірибелік  семинар өтті.

Подробнее...  

18 сәуірде облыстық арнайы кітапханада Павлодар журналисі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, публицист, «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Ю.Д. Поминовтың  65 жылдығына арналған «Павлодар –вчера, сегодня, завтра» атты кездесу кеші өтті.

Юрий Дмитриевич өзінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы және журналистік өмірден көптеген қызықты әңгімелерін айтты.

Подробнее...  

2018 жылы 12 сәуірде облыстық арнайы кітапханада Бұхар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайымен бірлесе отырып, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің араб және парсы тілдерін меңгерген фольклорист, этнограф, тарихшы, талантты ақынның 160 жылдығына арналған тарихи сағат өтті.

Подробнее...  

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

Борис Ерзакович қазақ музыкасын зерттеушісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Ұлтық Академиясының корреспонденция мүшесі.

11 сәуірде облыстық арнайы кітапхананың музыкалық салонында Б. Ерзаковичтің күй табақшасына саяхат жасалды.

Подробнее...  

Бүгін 2018 жылдың 6 сәуір күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханада Денсаулық күні.  

Кітапхана қызметкерлері таңды «Жүгіру» сайысынан бастады. Көтеріңкі көңіл күйдің жалғасы ретінде Флешмоб өткізілді.

Подробнее...  

2018 жылдың 29 наурызында кітапхана №24 орта мектебінің 6- шы сынып оқушыларына «Кітапхананың анықтамалық – библиографиялық аппараты» атты кітапханалық сабағын өткізді. Каталогтардың қажеттілігі және кітапты қалай табуын туралы айтылды.

Өйткені, каталогтар және картотекалармен пайдалану мүмкіндігі оқырмандарға қажет ақпаратты табуды әлдеқайда жеңілдетеді. Оқушылардың тақырып бойынша қойылған сұрақтарына жауап берілді. Іс-шараға «Кітапхананың аңықтау – библиографиялық аппараты - ақпараттың кілті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Онлайн кім

Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр