+7 (7182) 65-01-29

Облыстық арнайы кітапхана қызметкерлері Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханасында өткен Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезіне қатысты.

Подробнее...  

26 қыркүйек күні Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасы Бұхар Жырау атындағы мұражаймен бірлесе «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша және «Шабыт» клубы аясында қазақ халқының дүлдүл әншісі Ақан Сері Қорамсаұлының мерейтойына арналған «Оның аты Ақан Сері» атты музыкалық  кешін өткізді.  

Ақан Серінің таңғажайып шығармашылығымен таныстыра, оқырмандарға арқаның ардагері атанған Ақан сері – қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақтата жыр нөсерін ақтарып өткен ерекше дарын иесі, халқымыздың бойындағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат екендігін таныту мақсаты көздей отыра «Балқадиша», «Құлагер», «Маңмаңгер», «Мақпал», «Көкжендет», «Сырымбет» әндері орындалды.

Подробнее...  

Облыстық арнайы кітапхана 25 қыркүйек күні жыл сайынғы «ЗАҒИПТАР ӘЛЕМІНЕ КӨЗ САЛАЙЫҚ»  атты акциясын  Жастар орталығында өткізді.

Бұл акцияға мүгедек әйелдер ансамблі «САУЛЕМ-АЙ» және «РАДУГА» ансамблі, Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп – интернатының тәрбиеленушілері, №82 көз жанары нашар балаларға арналған балабақша бүлдіршіндері, жеке номерларының орындауларымен және зағип ақындарымыз қатысты.

Подробнее...  

Жыл сайынғы «Мың бала» - республикалық мәдени ағарту жобасы бойынша ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде сағат 11:00де Павлодар облысында барлық кітапханаларда және оқу орындарында, бір мезгілде, қазақ тілінде синхронды түрде Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшлік бесігі» атты жалпықазақстандық Ашық диктантын өткізу талабы негізінде, көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасына да жүктеліп, өткізілді.

Мемлекеттік тілді білу деген мақсатты ұстана диктантқа мәдениет саласында істейтін 40 адам белсенді қатысты. Брайль жүйесімен жазған екі студент көз мүгедек оқырмандарымыз.

Подробнее...  

«Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім»  -  Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,  «Тілге  құрмет – Елге құрмет» ете облыстық арнайы кітапханасы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне арналған әдеби сағатын 19 қыркүйек күні өткізді. № 24ЖОБМ оқушылары концерттік бағдарламамен, белсенді жас оқырманымыз Уали Ерсұлтан шығармашылық шашумен  іс шарамызды ңұрландырды. Шара барысында оқырмандарымыз  «Кім жылдам?» викторинасына қатысып белсенділік танытты.

Подробнее...  

12 қыркүйек күні «Мен және менің отбасым» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шарада 4 белсенді отбасы «Жанұя ағашы», «Армандаған үйімізді құрайық» атты сайысына қатысты. «Ең тату жанұя», «Ең ұйымшыл жанұя», «Ең зерек жанұя» «Ең көңілді жанұя» номинацияларымен марапаттау жасалды. Жастарға отбасын сақтау мен отбасылық құндылықтары мен маңыздылығын дәріптеу мақсатында үлгілі отбасының тілегімен әсем әндер шырқай отыра, кітапхананың коворкинг орталығында жолдастар ортасында, дастархан басында мереке шайханамен жалғастырылды.

Подробнее...  

24 тамыз күні Облыстық арнайы кітапханада «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы өткізілді.

Шараға демеушілік көрсеткен «Ана тілі» ҚБ директоры Ш.Д. Кинжикова.

 Ардагер ұстаз Б.А.Аккузинова шарамызды ашып «Шәшу» рәсімін откізді.

Подробнее...  

2018 жылдың 22 тамызында кітапханада «Добрый праздник урожая» атты мерекелік шара өткізілді. Қонақтар арасында көкөністерден жасалған ең дәмді тағамға сайыс жарияланды. В.Х. Косович «Золотая осень» атты өз өлеңін оқыды. Мерекелік шарада «Күз ханшайымы» мен «Пугало» қонаққа келді. Оқырмандардың арасында аса белсенді болып, би мен әндерін шашу еткен дарын иелері де табылды. Зал «Біздің бақ» деп аталатын композициямен безендірілді. Мерекелік шараға белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 44 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр