- Подробности
- Автор: Администрация
1 қараша күні»Альрами» қоғамдық бірлестігімен екіжақты ынтымақтастық келісім шарты жасалды және 9 қараша күні арнайы кітапханада 17-ші кітапханалық пункті ашылды.
«Қайрымдылық» тақырыбында өткен ақпарат сағаты диалог формасында өтті. Өмірлік қиын жағдайларға ден қоюдың әртүрлі түрлері, оң көңіл-күйдің рөлі, әрқайсымыздың өміріндегі ішкі тыныштық талқыланды. Сонымен қатар, мультфильмнен үзінділер қолданылды, рөлдік, мимикалық ойындар өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
2 қараша күні "Альрами" қоғамдық бірлестігі мүшелерінің арнайы кітапханамен танысуы өткізілді. Жүйке жүйесінің аруына шалдыққан азаматтарымызға кітапхана бойынша экскурсия жасап, көз мүгедектеріне арналған ерекше құралдарымызды және нүктелі-бедерлі шрифтімен жазылған әдебиеттерді көрсетіп таңқалдырсақ кейбірі шахмат ойнап көңілдерін көтерді.
- Подробности
- Автор: Администрация
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақ халқының әйгілі сұлтаны Мұса Шормановтың 200-жылдығына арналған тарихи сағаты өткізілді. Қоғам қайраткерінің өмірбаяны, жетістіктері туралы айтылып, қызықты деректерінен бейнебаян көрсетілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
24 қазан күні Ақсу қаласының әкімшілігінің, «Нұр Отан» ХДП, «Альтернатива» МҚБ, «Ана тілі» Облыстық орталығының қолдауымен, Астана қаласының 20-жылдығына, Павлодар облысының 80-жылдығына және Республика Күніне арнап облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының оқырмандары Ақсу қаласында «ЗАҒИПТАР ӘЛЕМІНЕ КӨЗ САЛАЙЫҚ» атты шығу акциясын өткізді.
«САУЛЕМ-АЙ» ансамблі (жетекшісі Т.Армиянов) пен «РАДУГА» ансамблі (жетекшісі Д.Козлов) өнерлерін көрсетті.
- Подробности
- Автор: Администрация
Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні болып табылады. Осы күнгі жарияланған мақсаттар адам құқықтары мен қоғамдағы мүгедектердің қатысуын тең ұстау болып табылады.
Осы мақсатты қолдай отырып, 17 қазан күні кітапхана «Қамқорлық» айлығының аясында, карттар мен мүгедектер үйінде, «Возьмемся за руки, друзья, чтоб не пропасть поодиночке» мерекелік бағдарламасын өткізді.
Иса Байзақов атындағы филармонияның жеке орындаушысы Б.Ахметов және С.Торайғыров атындағы ПМУ Орындаушылық өнер кафедрасының студенттері тамаша әндерімен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
- Подробности
- Автор: Администрация
3 қазан күні Облыстық арнайы кітапханасы Шафердің музей үйі мен П.Васильев атындағы Павлодар облыстық музейінен Челлендж «Promenade» эстафетасын қабылдап алды.
4 қазан күні кітапхана қызметкерлері таңертеңгілік жаттығуларын жасап, Челлендж «Promenade» эстафетасын Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына табыстады.
- Подробности
- Автор: Администрация
Қарттар күнін облыстық арнайы кітапханада екі рет атап өтті.
- 28 қыркүйек зейнеткер кітапхана қызметкерлерін құрметтеді.
- 3 қазан күні «Менің жасым-менің байлығым» атты мерекелік концерті өткізілді.
Кештің қонақтары: Павлодарлық бард, композитор, әнші Симонов Константин, №46 балабақша бүлдіршіні Сауырбай Айдар және Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледждің студенті Қуандық Кокен мен Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Халиханұлы Аянбек өз әндерін қарттарға арнады. «Жастық пен кәріліктің диалогы» театралдық қойылым мен оқырмандар арасында түрлі сайыстар өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Кітапханада қыркүйек айында жылсайын Ашық есік күні өтеді. Биылғы жылы да бұл ерекшелік емес. 24.09.18. кітапхананың оқу залында: мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі, қаржы бөлімі, Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, денсаулық сақтау басқармасының: №1 және №2 емханаларының бөлім басшылары, алдын алу бөлімінің басшысы, №4 емхананың бас дәрігерінің орынбасары және Облыстық НұрОтан партиясының өкілі жиналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 12 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








