- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында кітапханада қызмет еткен зейнеткерлерді құттықтадық. Кітапхана қызметкерлері оларды ізгі мейіріммен қарсы алып, дастархан жайды. Ойындар ойнап, жұмбақтар шешіп, “біздің жастар” билеп те алды.
Кітапхананың құрылуынан бастап және бізбен бірге жуырда йық тіресе еңбек еткен зейнеткерлерімізді әрдайым құшақ жайып қарсала отырып, оларды әрқашанда көруге мәз боламыз.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапханасында сағат 10.00 ден 12.00 ге дейін және 14.00-ден 16.00 ге дейін Ашық есік күні атты іс шарасы өтті. Кітапхана басшысы Ж.Қ.Кенжебекова шараға келген оқырмандарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, шақырылған мекеме өкілдерімен таныстырып өтті. Сөз кезегі қалалық қазақ соқырлар қоғамының төрағасы Е.В.Леонтьеваға берілді. Аталған мекеме төрағасы Алматы облысы Талдықорған қаласында өз өнерлерін көрсетіп, жүлдегер атанған зағип оқырмандарымыз: Адамжанова Гүлнар мен Дайырханова Меруертке алғыс хатын табыстады және осы оқырмандардың жол ақысына демеушілік көмек көрсеткен депутат В.П.Пряхин мен кітапхана қабырғасында іс-шараларды ұйымдастыруда әрдайым белсенділік көрсеткені үшін біздің Облыстық арнайы кітапхана басшысы Ж.Қ.Кенжебекова алғыс хатымен марапатталды.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Облыстық арнайы кітапханасы кітап қорын ұстаздарға арналған республикалық, ресей ғылыми-әдістемелік, педагогикалық мерзімді басылыммен толықтырды.
Осы басылымдар жайында 27 қыркүйек күні №24 мектеп ұстаздарына «Ұстаздарға арналған жұрналдар» атты библиографиялық шолу өткізілді.
Бұл шолуда ұстаздарға арналған оқушы тәрбиесіне мән беру, даму қабілеті нашар балалармен жұмыс жасау, патриоттық тәрбие беру туралы көмек ретінде «Оқушы тәрбиесі», «Әдіскер», «Дефектология», «Мектептен тыс жұмыс», «Түзеу педагогикасы» сияқты жұрналдары ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі белгіленді, ол қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
Оның негізгі мақсаттары – Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде тілдер Күніне орай Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасының қызметкерлері "Жас Қанат" Жастар үйінде "Тіл - достықтың көпірі" атты әңгімесін жүгізеді.
Әңгіменің мақсаты: Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ана тілін пайдалануға, араласу тілін еркін таңдауға, тәрбиеге, оқуға және шығармашылыққа құқығы бар туралы тәрбиеленушілерді таныстыру. Тілге құрмет және өз елімізге сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасының қызметкерлері "Жас Ұрпақ" жасөспірімдер Үйінде "Мамандықтың бәрі жақсы" атты тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың өз кәсіби бағытың анықтау; тәрбиеленушілердің дербестікке және мамандықты саңалы таңдауғақажеттілігін,қызығушылығын, қабілетін қалыптастыру; оқушыларды мамандық таңдауын жасауға дайындау.
- Подробности
- Автор: Alexander Ebel
2016 жылы 22-қыркүйкте 15.00 сағатта облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Қайым Мұхамедхановтың 100-жылдық мерейтойына арналған «Ана тілім – ардағым» атты әдеби сағат өткізілді. Әдебиет тарихшысы, ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен қызметі туралы оқушыларға кеңінен айтылды. Осы іс-шараға қатысқан №24 мектеп оқушылары «Тамырын тереңге тартқан бәйтерек» кітап көрмесімен танысты.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және отбасы күніне арналған «Мерейлі отбасы» атты мерекелік кеші өтті. Мереке «Мерейлі отбасы» сайысы мен сазды әуенмен орын алды. Мерекелік кештің қонағы Жаукенова Дильнараның орындауында «Балбырауын» күйі және «Анаға арнау» әнімен дүр сілкіндіріп, кешіміздің көңілді өтуіне үлкен үлес қосты.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 20 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








