- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Облыстық арнайы кітапханада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Зор мүмкіндігі бар ел» атты әдеби-музыкалық кеші өтті. Кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.
Кеш барысында Тәуелсіздік жолында желтоқсан оқиғасына қатысып,қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары жөнінде сөз қозғалып, желтоқсан құрбандарын 1-минут үнсіздікпен еске алдық.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні облыстық арнайы кітапханасымен №24 мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік пен тұрақтылық» атты кітап көрмесін ұйымдастырылды және «Казахстан. Этапы государственности» кітаптарына шолу жасалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2016 жылғы 13 желтоқсан күні сағат 16:30 – да Облыстық арнайы кітапхана «Жас ұрпақ» КМҚК мен бірігіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында «25 Жұлдызды күн - 25 Тәуелсіздіктің белестері» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Мерекелік іс-шара аясында «Тәуелсіздік пен Тұрақтылық» атты көркемделген кітап көрме ұйымдастырылды. Кітаптар арқылы тәрбиеленушілер қазіргі заманғы Қазақстанның бай тарихымен танысты.
Әдеби-музыкалық кешке қатысушылар Отанға, Туған жерге деген сүйіспеншілік, махабат туралы өлеңдерді оқып, музыкалақ сүйемелдеумен тәрбтелунілер би биледі. Егемен мемлекетіміздің құрылуы жөнінде бейне баян көрсетілді. Кеш соңында «Байга или гонка за лидером» атты викторина өткізіліп, дұрыс жауап бергендерге тәтті сыйлықтар берілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
2016 жылдың желтоқсанның 9-ші күні сағат 17.00-де «Жас Даурен» Жастар үйінде көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы «Біз дені сау ұлт үшін» атты ақпараттық сағатын өткізді. Аталған іс-шара ЖҚТБ-мен Дүниежүзілік күрес күніне арналды.
Кітапханашы Рахметова Б. қатысқан жасөспірімдерге ЖҚТБ-ның қайдан пайда болғанын, аурудың көлемін және ВИЧ індетін жұқтырған адамдарға қоғамның көзқарасы туралы айтып берді.
Іс-шара жастар би кешімен аяқталды.
- Подробности
- Автор: Администрация
7-ші желтоқсанда сағат 15.00-де облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Құрманғазы Сағырбайұлының 210-жылдық мерейтойына арналған өткізілді.
Іс-шараға зағип оқырмандар және №24 орта мектебінің оқушылары қатысты. Кітапхананың белсенді оқырманы, бірінші топтағы мүгедек Сәбиев Жанғабыл осы іс-шараны Құрманғазының күмбірлеген «Адай» күйімен ашты. Оқырмандардың назарына ұлы композиторға арналған «Күй атасы» атты иллюстративтік кітап көрмесі ұсынылды. Қазақтың ұлы халық композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға кеңінен баяндап берілді.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
2016 жылдың 30 қараша күні сағат 10.00 де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Тұңғыш Елбасы күніне арналған Облыстық арнайы кітапханада «Брайльша оқимыз және жазамыз» атты жылсайынғы сайыс өткізілді. Кітапхана оқырмандары А.Идирысова, Б.Аубакирова, Н.Симоненко, Ф.Абдуллина, А.Малахова және Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернат оқушылары: Д.Асаинова, В.Герасимова, Р. Ивасенко, М.Бирюков, К.Ерёменко, А.Куренбаева сайысқа белсенді қатысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
29 қараша күні сағат 11-00 Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесіп «Тең мүмкіндіктің аймағы» атты Ашық диалогін өткізді
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 24 қараша күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана «Муза» клубының аясында М. Д.Зверевтің 110-жылдығына арналған «Хозяин небесных гор» атты әдеби кешін №24 жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында өткізді.
Кешке мектеп оқушылары зейіндерін салып, белсенді қатысты. Кітапханашы танымал кеңестік ғалым және орыс жазушы-табиғаттанушы М.Д.Зверевтің өмірбаянына тоқталып бейнебаян көрсетілді. Оқушылар «Ночь под новый год» атты әңгімесін мәнерлеп оқыды. Кеш соңында кітапханашының қойған сұрақтарына оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
Жоғарыда аталған тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 29 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр








