- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
21 қараша күні Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар арналған арнайы кітапхана қабырғасында «Мүгедектігі бар әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» бойынша «Даму» қорымен бірлесе «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоцияциясы» Қоғамдық Бірлестігі оқу курсын өткізді.
Курс бағдарламасында келесі тақырыптар қарастырылды. Олар: «Мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделген мүгедектік ұғымының ағымдық түсініктемесін құру», «Мүгедектігі бар әйелдердің өзіне деген сенімділіктерін арттыру, жеке бөліну мен масылдықтан арылу», «Ұжымдағы көшбасшылық әдістері мен қабілеттілігіне үйрету», «Тиімді қарым-қатынас, өзін-өзі таныстыру және өзінің бизнес-жобасын таныстыра білу қабілеттеріне үйрету, кәсіпкерлік қызмет барысында күйзелістерді көтере білу».
Курс барысында мүгедектікке құқықтық жолдары, сұхбат тиімділігі, мәселелер, міндеттерді дұрыс тұжырымдау, мүгедектігі бар әйелдерге қатысты кемсітудің қос мәселесі, олардың шешу жолдары, бұйыру мен мотивация ұғымын ашу талқыланды. Курс қатысушылары оқытуға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибемен бөлісіп, бизнес-идеяларды саралауға тырысты.
Тренинг бір қалыпты, табысты өтті. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Ағымдағы жылдың 17 қарашакүні Облыстық арнайы кітапханада Қазақстан Республикасының Халық ақыны Мәриям Хәкімжанованың – 110 жыл толуына арналған «Жүрегі шуақ, жаны-нұр» атты әдеби сағаты «Шабыт» клубы аясында өткізілді.
М. Хәкімжанованың өз өмірі туралы бейнебаян көрсетіліп, «Өмір деген өткінші» өлеңі мен «Мәншүк» поэмасынан үзінді оқылды. Іс-шараға кітапхананың белсенді оқырмандары қатысып, М. Хәкімжанованың өмірбаянымен, шығармаларымен танысты. Әдеби сағаттың соңында кітапхана оқырмандары өз алғыстарын білдірді.
«Жүрегі шуақ, жаны-нұр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=576#sigProId289fec6e33
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
11 қараша күні облыстық арнайы кітапханасында 19 округтің сайлаушыларына «Ақ таяқ» күніне арналған іс шара өткізілді. Облыстық маслихаттың 19 округінің депутаты «Нұр Отан» партиясының атынан өз сайлаушыларына азық - түлікпен құрамдас сыйлықтарын тарту етті.
«Нұр Отан» партиясының атынан «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» жобаның кураторы Нұрханова Гүлмира Габдулхамитқызы барлықтарын мерекемен құттықтап және жоба аясындағы өз жұмысы жайлы сөз қозғады.
Алматы қаласынан келген зағип жандардан құралған «Армандастар» ансамблі өздерінің ән шашуларымен баршаларын қуантты. Гитара, баян және домбыра сияқты үш аспаптың қосылуымен әдемі ән шырқап, көңіл көтерді.
П.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледжінің студенттері Лодочников Алексей «Балқадиша» және «Дуэт» Хамитова Азалия мен Исаханова Айгерімнің «Нарисовать мечту» және де Тусупбаева Ұлпанның «Жан ана» деген өлеңдерімен келген қонақтарымыздың көңілін бір көтерді. Іс шара жылы және жарқын көңіл күймен мерекеге арнайы жайылған дастархан басында өткізілді.
https://pavlspeclib.kz/kz/2015-02-19-07-41-59/arkhiv-novostej.html?start=576#sigProId50a92522d3
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Қ.Әбусейітов атындағы мәдениет ойын-сауық орталығында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана, мүгедектермен жұмыс жасау клубымен бірлесе, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Зағиптар әлеміне көз салайық» атты акция аясында, «Ақ таяқ» күніне арналған мерекелік концерті өтті.
- Подробности
- Автор: Кенжебекова Жамал Киянкиновна
2016 жылдың 3 қараша күні мүгедектермен жұмыс жасау Мәдениет Үйінде «Найди себя» Жастар клубына кітапханашы-оқытып беруші Тоқтар Әубәкіровтін 70 жылдығына арналған «Қазақ тұнғыш ғарышкері» атты патриоттық сағатын өткізді. Кітапханашы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтың өмірбаянынымен таныстырып, атақты ғарышкердің ғарыш дайындығын, әскери қызметін, атағын, бірінші ұшуын, қоғамдық-саяси қызметін, марапаттарын және спортық жетістіктерін атап өтті.
- Подробности
Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Облыстық арнай кітапханада Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Мен құмарлық пен ынтаға толымын» атты әдеби кеш №24 орта білім беру мектебінің оқушыларының қатысуымен өтті. Кеште Қ. Аманжоловтың өмірбаяны мен шығармалары жайында сөз қозғалды. Кеш соңында «Өзім туралы» атты өлеңін тындап, оқушыларға сұрақ-жауап қойылды. Оқушылар кешке белсенді қатысып, Қасым Аманжоловтың шығармаларын мәнерлеп, жатқа айтты. Аталған тақырыпқа кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 13 қазанында облыстық арнайы кітапхана Өскемен қаласының зағиптарға арналған облыстық кітапханасымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» тікелей желі ойының өткізді. Интеллектуалды ойын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мүгедектер күніне арналған болғандықтан, ойынның тақырыптамасы Қазақстанның тарихына және тифлологияға (грек. "týphlos" - соқыр), байланысты болды. Оқу залында Қазақтан Республикасының Тәуелсізідігінің 25 жылдығына арналған «25» санының инсталляциясы кітаптардан жасалды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдын 5 қазан күні Облыстық арнайы кітапханасында «Халықаралық қарттар күніне» арналған «Кәрілікті құрметтейік» атты мерекелік кеш өтті.
Кешке Облыстық арнайы кітапхананың қарт оқырмандары шақырылды. Мерекелік кеште концертік бағдарлама және конкурстар ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары қызықты жұмбақтарды, әндер арқылы ескі кинофильмдердің атауларын атады.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 23 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









