+7 (7182) 65-01-29

29 тамыз күні облыстық арнайы кітапханасы «Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Құқық-әділет пен парасат жолы» атты әңгіме сағатын өткізді.

Конституция ұғымын ашу, Конституцияда көрсетілген Қазақстан Республиканың азаматтарының құқықтары мен міндеттерін айту, патриоттық сезімді ояту және тәрбиелеу, құқықтық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету мақсатында осы әңгіме сағаты өткізіліп отыр.

Әңгіме соңында жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері өз мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде 2009 жылдан бері өз жалғасын тауып келеді. Сол акцияның мақсаты – оқуға тартылмаған балаларды анықтау, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балалары мен жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға көмек беру. Осы жылы «Бақытты балалық шақ аумағы» ұранымен тамыздың 1-нен қыркүйектің 30-на дейін өтіп жатыр.

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы Қазақ соқырлар қоғамынының Павлодар филиалы мен және Қазақстан халқының Коммунистік Партиясының Павлодар облысының өкілдерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 26 тамызында аталмыш акциясын дәстүрлі түрде өткізді.

Подробнее...  

25 тамыз күні арнайы кітапханада саябақшылар мерекесіне арналған «Күзгі вернисаж» атты мерекелік іс шара өтті. Бағдарлама бойынша 5 сайыс жүргізілді және оқырмандарымызды «Күз» және «Көктем» деген екі топқа бөлдік.

1. Гүл шоғы сайысы «Гүл жұмақ» 1-ші орынды оқырманымыз. Перфильева З.М. иеленді

2. «Бұл не деген керемет дәм!» сайысы 1-ші орынды оқырманымыз Кызынгашева Л. және 2 орынды Абдыгазизова М. деген оқырмандарымызға табысталды.

Подробнее...  

2016 жылдың тамыз айының 24- ші күні Қарттар және мүгедектер үйінде Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасының  ұйымдастыруымен Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына орай «Семипалатинский полигон – город, которого не было» атты еске алу кеші өтті.

Іс шараның  мақсаты - Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы мағлұмат беру. Жүргізуші іс-шара барысында кеш қонақтармен ядролық сынақтардың тарихымен бөлісіп, «Трагедия Казахстана», «Олжас Сүлейменовтың сөз сөйлеуі» бейне ролик көрсетіп, сонымен қатар, Семей полигонының жабылуы туралы ел Президентінің Жарлығына тоқталып, маңызды ақпараттармен бөлісті.

«Тауда туған қарындас»

Ағымдағы жылдың 18 тамызында облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында «Шабыт» клубы аясында Қазақстан Мемлекетінің сыйлығының лауреаты, ақын Марфуға Айтхожинаның 80 жылдығына арналған «Тауда туған қарындас» атты поэзия  кеші өткізілді.

Кеш жүргізушісі ақынның өмірі және сырлы өлеңдерімен таныстырды. Бұл іс-шараның мақсаты: біздің оқырмандардың бойында әдебиетіміздің асыл мұрасын насихаттау, эстетикалық сезімдерін ояту, өленді сүю, табиғат, тіршілік, туған жерге сүйіспеншілік тақырыбын ашу. Ақынның кітап көрмесіне «Сырлы саз», «Жапырақ сілкінген кеш» және  дыбыстандырылған кітап «Тобылғы бүрлегенде» қойылды.

Кеште ақынның дыбыстандырылған өлеңдер мен поэмалар оқырман назарына ұсынды. Іс-шара барысында бейнематериал көрсетілді. Кітапхана оқырмандары ризашылығын білдірді. 

28 шілде күні мүгедектермен жұмыс жасайтын мәдениет үйіндеоблыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана дайындағантәуелсіздіктін 25 жылдығына орай арналған «ЗАҒИПТАР ӘЛЕМІНЕ КӨЗ САЛАЙЫҚ»  атты акциясына кітапхананың белсенді, шығармашылық талантты, ақын оқырмандары қатысты.

Оның ішінде ерекше айта кететін«САУЛЕМ-АЙ»  мүгедек әйелдер ансамблі (жетекшісі С.О.Садыков), жеке солистердің нөмірлері, аспапшылардың  орындауы  (гитара, домбра, баян), зағип ақындардың өлеңдері көремендердің көңілінен шықты.

Подробнее...  

14 шілде күні облыстық арнайы кітапханада «День памяти Павла Васильева» атты әдеби кеші өтті. Шараға Павлодар ақындары –Павел Васильев атындағы әдебиет бірлестігінің мүшелері қатысты. Павел Васильев шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Подробнее...  

9 шілде күні көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханаға ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Сыздыков Тұрғұн Ісқақұлы кіріп шықты. Кітапханада «макраме» үйірмесінің мүшелері болған. Көз мүгедектері осындай үйірмеге қатысқанына депутат таңқалды. Мырза Сыздыков Т.І. жоспарлары , жұмысы туралы айтты. Оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Кітапхананың қорын цифрлеуге көмек көрсетуге уәде берді.

Онлайн кім

Қазір 230 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр