- Подробности
- Автор: Администрация
18 қазан күні облыстық арнайы кітапханада мүгедектермен жүмыс жасайтын кітапханашыларға арналған «Кітапхана мәдениеті: электронды технологиялар дәуіріндегі кітап және оқырман сияқты, диалог кітапханаға тең» атты облыстық арнайы семинар-тренинг өтті.
Семинардың бірінші бөлімі «Мастер-ойын алаңы» мұнда басшы орынбасары және инженер-тифложүйеші мастер-класс көрсетті. Содан кейін тәжірибелік жаттығулар өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
16 қазан күні облыстық арнайы кітапхана Естай Беркімбайұлына арналған «Дүние-ай» атты әдеби- музыкалық кешін өткізді. Кештің тақырыбына арнап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Ахметов Бауыржан «Құсни-Қорлан» әнімен қатар, «Дүние-ай» әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындады. Е.Беркімбайұлының жалғыз ұлы Жанәбілдің артынан қалған қыздары Зекен мен Зейнештің Естай жөнінде алынған ақпаратынан бейнебаян көрсетілді. Аталған тақырыпта кітап –жұрнал көрмесі ұсынылды. Оқырмандар көңілді әндерге қосыла кетті.
- Подробности
- Автор: Администрация
9 қазан күні Облыстық арнайы кітапхана № 24мектептің «7ә» сынып оқушыларына «Туған халқының ер ақыны - Сәкен Сейфуллин» атты әдеби сағатын өткізді.
Мұнда ақынның аянышты өмірі және бізге танымал әйгілі шығармалары,«Тар жол тайғақ кешу» атты романынына қысқаша тоқталдық. Сондай-ақ, ақын туралы «Өмір жолы» атты бейнебаян көрсетілді. Шараның соңыңда оқушылармен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларынан сұрақ-жауап өткізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
3 қазан күні облыстық арнайы кітапхана қартар күніне арналған кітапхананың зейнеткерлерін құрметтеу мерекелік іс шарасың өткізді.
Кітапхана қызметкерлері флешмоб, көріністер және мерекелік концерт ұйымдастырды.
- Подробности
- Автор: Администрация
2 қазан күні облыстық арнайы кітапханасы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттерімен бірлесе «Қамқорлық» айлығының аясында Халықаралық қарттар күніне «Қарттарды құрметтеу» кешін өткізді.
- Подробности
- Автор: Администрация
«Қамқорлық» айлығы аясында Ақсу қаласынан мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында барлық қол жетімді тифло жабдықтары көрсетілді. «Балауса» жартылай стационар балалары бәріне қызыға қарады: әдемі коворкинг, грампластинка жазбалары бар ретро-бұрыш, «Жан Алау» дыбыс жазу студиясы, көз мүгедектеріне арнайы дойбы және шахмат, тифлотехника мұражайы.
- Подробности
- Автор: Администрация
25-ші қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапхананың коворкинг орталығында әйгілі сазгер, талантты композиторлардың бірі, халық әртісі Сыдық Мұхамеджановтың 95 жылдығына арнап «Шаттық отаны» атты музыкалық кеш өткізілді.
Шара барысында халыққа бай мұра қалдырған С.Мұхамеджановтың өмір белестеріне және де музыкалық шығармашылығы баяндалды. Сонымен қатар, келген оқырмандармен бірге композитордың баршамызға танымал «Қырманға кел Қалқатай» әні шырқалып, ең ірі шығармаларының бірі «Айсұлу» күлдіргі операсы ұсынылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Облыстық арнайы кітапханада Ашық есік күні атты іс шарасы өтті.
Бұл шараға Павлодар облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасы мен қатар №1,2,3,4,5 емхана өкілдері, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, облыстық қазақ соқырлар қоғамының өкілдері қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









