+7 (7182) 65-01-29

«Домовенок» бүлдіршіндер клубының 30-жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы кітапханада «Балалықтың жарық планетасы» атты  балалар таңертеңгілігі өткізілді. Концерттік бағдарламада «Домовенок» клубының және «Жігер» жасөспірімдер клубының белсенді мүшелері қатысты.

Подробнее...  

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Қазақстан үшін бұл күн ерекше маңызды. Жиырмасыншы ғасырдың отызыңшы  жылдарында жаппай саяси қуғын-сүргін басталды. Қазақстан миллиондаған кеңестік азаматтар үшін депортациялау алаңына айналды. 22 мамыр күні арнайы кітапханада өткен «Ұмытылмас тағдырлар» еске алу сағаты, Қазақстан тарихындағы осы қайғылы күнге арналды. Бұл іс-шараға №24 мектептің оқушылары мен кітапхананың зағип оқырмандары шақырылды. Еске алу сағаты барлық қаза тапқан және саяси құғын-сүргін құрбандарына арналған бір минут үнсіздікпен басталды.

Подробнее...  

2019 жылдың 15 мамыр күні Жеңіс күніне орай кітапханамыз тыл еңбеккерлерін, Кеңес Армияның және Ауған соғысына қатысқан ардагерлерін қарсы алды.

Іс-шараға «Позитив» және «Радуга» ансамблдері қатысты. 46-балабақшаның тәрбиеленушісі Жарылғас Ж. «Что такое День Победы?» өлеңімен, біздің оқырмандарымыздың жүректеріне жол тауып, жүрек қылын қозғай білді.

Салт бойынша, мерекеміз әскери ботқа қойылған дастархан басында өткен соғыс жылдарын еске алумен, бір-бірімізге айтылған жылы лебіздермен тәмамдалды.

Подробнее...  

2019 жылдың 14 мамыр күні зағип оқырмандарға арналған қазақ тілі курстары өз есігін ашты, оның бастамашысы "Ана тілі" орталығының директоры Кинжикова Ш.Д. болды.

7 мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылған күні. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз және 8 мамыр күні Облыстық арнайы кітапхана атаулы күнге арналған «Мен Отаныма сенемін!» атты Ерлік сағатын өткізді.

Осы кеште оқырман ер азаматтарымызды белсенді әйелдер қауымынан құралған А. Багдатова мен Л. Кызынгашева баянмен ән шырқаса, Аккузинова Б, Косович В, Ибраева Б, өз шығармашылықтарынан өлеңдерін арнады және «Радуга» ансамблі музыкалық сәлеммен құттықтады.

Подробнее...  

2 мамыр күні облыстық арнайы кітапханада кітапханашыларға «Сан сиқыры» атты ақпарат сағаты өтті.

Шарамыздың басты қонағы Тохтарова Людмила Дмитриевна –көз мүгедегі, дәрігер, қызмет ардагері, нумеролог.

Подробнее...  

Бүгінде арнайы кітапхана шаңырағы астында шоғырланған қазақ, өзбек орыс ұлт өкілдерімен жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы №24 ЖОБМ оқушыларына Бірлік пен Ынтымақтастық күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты ақпарат сағатын жүргізді.

Подробнее...  

25 сәуір күні облыстық арнайы кітапхана Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, Павлодар қаласының құрметті азаматы, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Арман Қани ағамыздың 65 жас мерейтойына арналған «Туған жер төсінде» атты  поэзия сағатын өткізді.

Подробнее...  

Онлайн кім

Қазір 57 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр