- Подробности
- Автор: Администрация
Жамбыл атамыз айтқандай «Ән –халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі». Әнге деген сезімді сыйлаған, құрметтеген оқырман қауым 17 шілде күні облыстық арнайы кітапхана төрінде ұйымдастырылған П.Чайковский атындағы Музыкалық колледжінің 60 жылдығына арналған музыкалық кешіне қатысты.
Кеш қонақтары: колледж оқытушылары Марачковская Ольга Николаевна, Артем Александров және колледждің түлегі Шилаева Александра Петровна, сонымен қатар «Альрами» клубының «Позитив» ансамблі. Кеш жылы естеліктермен, колледждің қалыптасу тарихымен, сондай-ақ керемет музыкалық сәлемдемемен көркемделді.
- Подробности
- Автор: Администрация
12 шілде күні облыстық арнайы кітапханада «Бір ел – бір кітап 2019» республикалық акциясы өткізілді. Биылғы жылы таңдап алынған Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен Әбділдә Тәжібаевтің өлеңдер жинағы талқыланды.
«Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихына мәлімет беріліп, халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаевтің, ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, жыр дүлділі Ә.Тәжібаевтің өмірі мен шығармашылығымен таныстырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханада белгілі әншілер Мәдина Ералиева, Нағима Есқалиева, Бағдат Сәмединованың 65 жасқа толуына орай «Сүйікті әншілер» атты музыка салонында кездесу кеші өтті.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болғандықтан, бүгінгі кешті әнге арнадық.
- Подробности
- Автор: Администрация
Нұрсултан Назарбаевтың биліктегі 30-жылына байланысты Қазақ КСР-ның Коммунистік партиясының бірінші хатшысынан тәуелсіз Қазақстанның ел Президентіне дейінгі еңбек жолына арналған арнайы кітапханада «Нұрсултан Назарбаев» атты тақырыптық апта ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Қарттар мен мүгедектер үйінде «Көне дала сазы» атты эстетика сағаты өтті. Іс-шара барысында патриоттық, поэзия мен махаббат туралы өлеңдер оқылды.
Олар үшін күйтабақтар жағымды тосын сый болды.
Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты аналар Алдаберген Мырзабеков, Ермек Серкебаев, Әлібек Днишев, «Дос-Мұқасан» тобының орындауында ұмытылған әндерді тыңдап, жастық шақтарын еске алды, күйтабақтардың сиқырлы дыбыстарына иеленіп вальс биледі.
- Подробности
- Автор: Администрация
Облыстық арнайы кітапханада Павлодар жуналисі, ақын, патриот Ж.Б.Садыковтың 70-жылдығына арналған «Қызықты адаммен кездесу» кеші өтті.
Жасұлан Бәкиұлы өзінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы және журналистік өмірден көптеген қызықты әңгімелер айтты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Арнайы кітапханада Қазақстан Республикасының рәміздер күні әнұранмен ашылды. Кітапханашылар Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең арқылы жеткізіп, қазақ халқының әйгілі ақындарының өлеңдерінен үзінділер оқыды.
«Альрами» клубының тәрбиеленушілеріне «Рәміздер – біздің бірлігіміз» атты ақпарат сағаты өткізілді: рәміздердің тарихы жайлы әңгімелеп, викторина жүргізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Зағип жанды қолөнершілердің дарындылығына көңіл аудару мақсатында «Альтернатива» МҚБ (төрағасы С.Амиров) демеушілік қолдауымен, «Кітапханалық жиынтық» атты іс-шара өтті. «Макраме» үйірмесінің қатысушыларымен қатар, оқырмандар арасынан да өз қолымен жасалған жұмыстарын сайысқа салып, белсенділер өнерлерін көрмеде паш етті. Қолөнершілерге арналған өлеңдер оқылып, жылы лебіздері әнмен жалғастырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









