- Подробности
- Автор: Администрация
23 сәуір күні Павлодар облысының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалы ұйымдастырған «В современный мир с новыми возможностями для незрячих» атты облыстық семинары облыстық арнайы кітапханасында өткізілді.
Шараға:Облыстық Маслихат депутаты, Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Павлодар облысыныңІшкі саясат басқармасы, Облыстық арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты, Павлодар облысы Білім беру басқарамасы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы,С.Торайғыров атындағы Облыстық Әмбебап Ғылыми кітапханасы, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.
- Подробности
- Автор: Администрация
Біржан-сал Қожағұлұлының 185 жыл толуына орай 17 сәуір күні облыстық арнайы кітапханада «Біржан-сал» атты әдеби сағаты өткізілді.
Біржан-сал қазақ әдебиетінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі, қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі.
Іс-шара барысында Біржан-салдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтылып, бейнетаспа көрсетілді. Әдеби сағаттың көркі мен сәні болған Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармония солистері Ербол Айтбаев пен Жанболат Байсолтанов Біржан-салдың «Теміртас», «Бурылтай», «Жонып алды» әндерін шырқап, сазды ән жүректі тербеді.
- Подробности
- Автор: Администрация
12 сәуір күні арнайы кітапхана оқырмандары Бухар Жырау мұражайында болып, Шығыс елдерінің ғалымдары арасындағы Ғылым Академиясының алғашқы қазақ академигі - Қаныш Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған шараға қатысты.
12 сәуір – Қазақстанда Қ. Сәтпаевтың туған күні - Ғылым қызметкерлері күні ретінде атап өтілетіні де маңызы өте зор.
- Подробности
- Автор: Администрация
Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын еліміздің түкпір-түкпірінде әр түрлі іс-шаралармен жүзеге асыруда. Солардың бірі болып Павлодар облыстық арнайы кітапхана 11 сәуір күні «Рухани жаңғыру –болашақтың айқыны» атты оқырман конференциясын ұйымдастырды.
- Подробности
- Автор: Администрация
11 сәуірде сағат 11.00 де қарттар мен мүгедектер үйінде «Пресновские страницы» деп аталатын әдебиет сағаты өтті. Іс-шара Қазақстан Кеңес одағының жазушысы, аудармашысы, журналист Шухов Иван Петровичке арналды.
- Подробности
- Автор: Администрация
Балуан Шолақтың 155 жылдығына орай, 5 сәуірде арнайы кітапханада Денсаулық күнін атап өтті.
Денсаулық күні «Дені саудың жаны сау» физминуткасымен бастау алды. Бұл күн ритмикалық музыкамен жалғасты, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері арасында «Дыбысталған допты табу», «Қаппен жүгіру» эстафетасы жүргізілді.
- Подробности
- Автор: Администрация
Арнайы кітапханада Павел Васильев атындағы мұражаймен бірлесе «Сохрани ты в сердце память ради жизни и любви» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шара барысында В.Косович жазушының құрметіне арнап шығарған өлеңін оқыды. С.Сатыбалдин Павел Васильевтың шығармашылығының аудармасын оқырмандардың назарына табыстады.
- Подробности
- Автор: Администрация
Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын арнайы кітапхана бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. 1 сәуір күні «Альрами» клубына әзілге толы іс-әрекеттер мен ойындарға жол беріп көтеріңкі көңіл күй сыйладық. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дегендей, бұл күні үлкен-кіші, жас-кәріні бір алдап қоюды ұмытпаңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.
Онлайн кім
Қазір 49 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр









